26 қыркүйектен бері Brent маркалы мұнайдың құны алғаш рет $59 асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың желтоқсанындағы жеткізілімдер бойынша, Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің құны Лондондағы ICE биржасында 1,15%-ға ұлғайып, барреліне $59,07 құрады, деп жазады ТАСС.
Мұнайдың аталмыш сұрыпының құны соңғы рет 2017 жылдың 26 қыркүйегінде $59-дан жоғары болған еді. Бұл ретте мәскеулік биржадағы баға котировкаларына мұнай бағасының құлдырауы ықпал еткен жоқ.