26 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

8.30-да Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде Халықаралық академиялық денсаулық орталықтары альянсымен бірлесіп ұйымдастырылған аймақтық конференция өтеді. АҚШ, Еуропа, Катар, Түркия және басқа аймақтардан келген шетелдік және жергілікті спикерлер «Академиялық денсаулық орталықтары - қауымдастықтың, халықтың және аймақтың экономикалық қозғалтқыштары» тақырыбында пікір алмасады.

9.30-да БАҚ өкілдері үшін Ақмола облысы Целиноград ауданының жолдары бойынша баспасөз туры өтеді. Шара барысында журналистер Қоянды, Қызылжар, Қабанбай батыр, Арайлы, Ы. Алтынсарин, Талапкер кенттерінің және Қосшы қаласының көше-жол желісіне күрделі жөндеу жүргізу барысымен таныса алады.

10.00-де Астана Халықаралық университетінде «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі аясында әлеуметтік жобалар байқауы өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық музейі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Ұлттық игілік балалар үшін» атты «Мейірім» балалар шығармашылығының V инклюзивті музейлік фестивалінің ашылуы өтеді.

11.00-де Сығанақ» бизнес орталығында БАҚ өкілдері үшін «Өңірлік жұмыспен қамту карталары» және «Платформалық жұмыспен қамту» тақырыптары бойынша семинар өтеді. Спикерлер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, вице-министр Олжас Ордабаев.

11.00-де KAZGUU университетінде аймақтағы ең ірі Web3 Hackathon Decentrathon – Орталық Азиядағы бірінші хакатон басталады, ол бір уақытта Қазақстанның 13 жерінде өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Батыс Қазақстан облысының әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

12.30-да «Ақ жолда» «Мемлекеттік тілді меңгерудің Ұлттық стандарттары» жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтеді.

17.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы.Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00-де QAZAQSTAN орталық концерт залында «Фортепиано мен оркестр» классикалық музыка кеші өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы қойылады.


Соңғы жаңалықтар