26 мамыр. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 26 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

47 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы ҚАРИН дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 1998 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан даму институтының Саяси зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 2000-2003 жылдары Орталық Азия саяси зерттеу агенттігінің директоры, 2004-2006 жылдары терроризмге қарсы орталық бағдарламасының директоры қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2008-2013 жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды. 2014-2017 жылдары Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы. 2017-2019 жылдары «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасы. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

46 жыл бұрын (1977) «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры - аппарат басшысы, басқарма мүшесі Майя Ерболатқызы ЕГІМБАЕВАдүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген (1998); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы академиясында экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.

Еңбек қызметі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті қаржы органдарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің коммерциялық заңнама бөлімінің бас маманы (1998-1999); «Қазақойл» ҰК ЖАҚ заң бөлімінің шарттық-құқықтық жұмыс секторының жетекші маманы, заң бөлімінің аға заңгері қызметтерін атқарды (1999-2002); «ҚазТрансОйл» ЖАҚ заң бөлімінің заң кеңесшісі (2002-2003); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету басқармасының аға заңгері (2003-2004); заңгер, «КазРосГаз» АҚ бас заңгері (2004-2006); «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ заң департаментінің бас заңгері, құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, сервистік активтерді басқару департаментінің директоры (2006-2012); «UCC Engineering» ЖШС әкімшілік мәселелер және операциялық функциялар жөніндегі директоры (2012-2013); «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Заң департаментінің директоры (2013-2014); «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директор – Заң департаментінің директоры (2014-2017).

2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар