26 мамырда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

26 мамырда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube Facebook

15.00-де Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.

16.00-де ҰҚК Шекара қызметінің @shekaraknbkz Instagram аккаунтында тікелей эфирде Мемлекеттік шекараны кесіп өту мәселелері бойынша онлайн конференция өтеді.