26 мамырда Қазақстанның әскери бөлімшелерінде 3 мыңнан астам сарбаз ант қабылдайды

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Осы жылдың көктемінде Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған үш мыңнан астам жас сарбаз 2013 жылғы 26 мамырда Отанға адалдық антын қабылдамақ.
None
None

Ант қабылдау құрметіне арналған салтанатты рәсімдер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көптеген әскери бөлімдерінде болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Оларға әскер түрлері мен тектерінің қолбасшылары, құрамалар мен бөлімдердің командирлері қатысады. Қарулы Күштердің ардагерлері, әскер қатарына жаңа келген жас буынның ата-аналары шақырылған.

Соңғы жаңалықтар