26 маусымға арналған маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 26 маусым күні өтетін маңызда шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Kazinform

АСТАНА

9.00-де «Сәтті сәрсенбі» экологиялық акциясы өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Қ.Бишімбаев пен Б. Байжановтың аппеляциялық соты онлайн режимде өтеді.

10.00-де Аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған инклюзивті футбол лигасының тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де «Шератон» қонақ үйінде Еуропаның 23 еліндегі, оның ішінде Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы жыл сайынғы есептің тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

14.30-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру туралы» баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де АӨСШК штаб-пәтерінің жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімі және АӨСШК хатшылығының болашақ қызметкерлеріне жолдауы бар «уақыт капсуласын» көму рәсімі өтеді.