06:11, 25 Маусым 2016 | GMT +5
26 маусымда Астанада бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындак дуатлоннан жарыс өткізуге байланысты қалада кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

26 маусымда таңғы сағат 9.00-де бастап шара аяқталғанша мына көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады:
- Қабанбай батыр даңғылы Сарайшық к-сінен әуежай айналма жолына дейін;
- Орынбор к-сі М1 көпірінен Керей және Жәнібек хандар к-сіне дейін;
- Керей және Жәнібек хандар көшесі Тұран даңғылынан Орынбор к-сіне дейін;
- Қонаев к-сі Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор к-сіне дейін;
- Достық к-сі Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор к-сіне дейін.
Ұсынылып отырған айналып өту жолы: Тұран даңғылы, Сарайшық к-сі, Сығанақ к-сі, Хусейн бен Талал к-сі.
Жолдарда көлік қозғалысының шектелуіне орай жүргізушілерден бағдарларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.