26 наурызда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 наурызда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.
АСТАНА
Сағат 9-00-де Wyndham Garden Astana қонақ үйінде «GLOBALG.A.P. Халықаралық стандарт - ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық нарығына қол жеткізудің басты факторы» атты конференция жұмысын бастайды.
Ал сағат 9:30-да Silk Way орталығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры А.Оралов пен «Жастар» орталығының директоры Т.Қалиевтің қатысуымен республикалық бизнес-тренинг өтеді.
10-00-де Мәжілісте «Жекешелендіруді өткізу барысы туралы» тақырыбында Үкімет сағаты болады.
16:20-да Казмедиорталығында «Бабалар ізімен» төртінші ғылыми экспедицияның жалғасуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.