26 наурызда республиканың басым аумағында боран, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ, дауыл соғып, жел күшейеді. Оңтүстікте, батыстың кей жерлерінде, оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды.

26 наурызда республиканың басым аумағында боран, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23 м/с, кей жерлерде көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, түнде Алматы, күндіз Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман болады деп күтілуде.

Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз 15-20 м/с жылдамдығымен жел соғады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с болады.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде бұрқасын, тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, дауыл соғады.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.