26 наурызға арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, Тұман, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

26 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауып, тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшейюі сақталады, оңтүстікте күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде екпіні 15-20, кей жерлерінде 23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болып, даул, желдын күшейюі 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және күндіз кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдын күшейюі 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Түркістан облысында күндіз найзағай болады, желдің күшейюі 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстанда түнде, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде таңертең тұман болады.