26 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

26 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10:00-де Парламент Сенатында «Өңір» депутаттық тобының отырысы өтеді.

10.00-де Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

10.00-де Park Inn by Radisson қонақ үйінде «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қоры ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисімен бірлесіп, «Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жекелеген нормаларын тиімді іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырады.

10.00-де Qazpatent алаңында Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеу аясында «Әйелдер және зияткерлік меншік – инновациялар мен шығармашылықтың катализаторы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтеді.

11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында жолаушылар пойыздарының жазғы тасымалдауға, интермодальды тасымалдауға дайындығы бойынша брифинг басталады.

11.00-де Астана қалалық Сервис және туризм колледжінде жастарға, қызмет көрсету саласы мен техникалық мамандықтарды насихаттау мақсатында «Кәсіпкерлік бастауы» мамандықтар шеруі өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Сарыарқаның рухани, мәдени мұрасы» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

12.00-де Астана қаласының «Алматы» ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру, көгалдандыру, абаттандыру» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Көрсетілім сілтемесі: https://www.facebook.com/rsk.astana01

13.30-де Astana Hub халықаралық технопаркінде AI Battle жасанды интеллект саласындағы IT-стартаптар жарысы өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қаржы нарығында ESG принциптерін енгізу және дамыту» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де St. Regis Astana қонақ үйінде шахматтан әлем чемпионаты жалғасады.

16.00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Күн тәртібінде «Балабақшаларды 2023 жылға тамақтандыру бойынша субсидиялау» тақырыбы қаралады. Көрсетілім сілтемесі: www.facebook.com/maslihat.astana.kz

19.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «TURAN» ансамбілі концертке шақырады.

19.00-де Жастар театрында «Іздеп таптым сені» мелодрамасы сахналанады.