26 сәуір күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

9:00-де «Көрме» залында «KIOSH 2018» еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздігінің 8-ші  халықаралық конференциясы мен көрмесі өтеді.

9:45-те The St. Regis Astana қонақ үйінде «Самұрық-Қазына» корпоративтің университеті «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен «Адами ресурстарды басқару: болашақты ұйымдастыру» тақырыбындағы XIII халықаралық HR-конференциясын өткізеді.

10:00-де ҚР Парламент Сенатының кезекті отырысы өтеді.

10:30-да Best Western Plus Astаna қонақ үйінде «Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы: жаҺандық масштабтағы жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық дөігелек үстел ұйымдастырылады.

11:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының қызметіне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

12:00-де ҚР ӘҚ Ұлттық әсери-патриоттық орталығында «Чернобыльдың тірі қалқаны» атты көрме ашылады.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Бүкіләлемдік банктегі жастар корпусының даму жобас» тақырыбындағы баспасөз конференциясы өтеді.

15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Жоспарлар мен келешегі» тақырыбындағы баспасөз конференциясы басталады.

15:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми орталығының салтанатты ашылуы өтеді.

17:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ресейлік жазушы Сергей Лукьяненкомен кездесу өтеді.

АЛМАТЫ

9:00-де Atakent Park Hotel қонақ үйінде «Туберкулез эпидемиясын алдын алудың жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталады.

10:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Заманауи өнердегі классикалық емес музыка» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылады.

10:30-да Almaty Management университетінде «2018 жылдың үздік студенттері» әлеуметтік жобасының финалы өтеді.

18:00-де AFD Plaza кешенінде Mercedes-Benz Fashion Week Almaty (MBFWA), FW'18-19.

9-шы халықаралық сән аптасы өтеді.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

11.00-де қалалық әкімдік ғимаратында Ақтау қаласын көгалдандыру және абаттандыру бойынша кеңейтілген жиын өтеді.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

15:00-де облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Лұқпановтың төрағалығымен Атырау облысы әкімінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөнінде кеңес отырысы өтеді.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

09.00-де өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен облыс әкімдігінің өңірлермен селекторлық отырысы өтеді. Жиында халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын рәсімдеу қызметі, 2017-2021 жылдарға арналған өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланады.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

15:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Кентау  қаласының әкімі Ә. Мақұлбаев өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта Елбасы Жолдаулары аясында атқаратын жоспарлары бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.

16:30-да Өңірлік коммуникациялар қызметінде ОҚО Мәдениет басқармасының өкілдерінің қатысуымен  брифинг өтеді. Онда спикерлер Түркиядағы «Кастамону - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылуы салтанаты және  Халықаралық Наурыз мерекесіне орай Финляндиядағы «Жұмбақ Жібек жолы» Халықаралық ашық ортаазиялық фестиваліне оңтүстікқазақстандық өнерпаздардың гастрольдік іссапаралары туралы,  «Бұраң бел» облыстық би фестивалі туралы айтатын болады.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданына барып, тасқынның салдарын жою жұмыстарымен танысады.

Соңғы жаңалықтар