26 сәуір мен 25 мамыр аралығында республикада «Назар аударыңыз - бағдаршам!» айлығы өтеді
Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Акция өткізу кезінде жол полициясының бекеттері мен маршруттары оқу мекемелеріне жақын орналасатын болады.
Іс-шара аясында жол полициясы қызметкерлері балалар мен жасөспірімдер арасында жолда қауіпсіз жүру білімін нығайту мақсатында мектептерде тақырыптық сабақтар өткізеді. Қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде көлік құралдарының жүргізушілерімен жеке әңгімелер жүргізетін болады.
Акция барысында мектеп оқушыларының арасында суреттер, плакаттар, комикстер, фотожұмыстар конкурсын және «Жол және біз» тақырыбына шығармалар байқауын өткізу жоспарлануда. Мүдделі ұйымдармен бірлесіп, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын ескерту жөнінде үгіт -насихат құралдарын дайындау және халық арасында оларды тарату жұмыстары жүргізіледі.