26 сәуірде елордада өтетін маңызды оқиғалар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 сәуірде елордада өтетін маңызды оқиғалар аңдатпасын оқырман назарына ұсынады.
Сағат 11:00-де ҚР Ішкі істер министрлігінде онлайн-көрсетілім форматында брифинг өтеді. «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы брифинг барысында ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов тың мәліметтермен бөліседі.
Ал сағат 12:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтеді. Тақырыбы - «Ұлттық ұландағы қызметтің ерекшеліктері. Іс-шара барысында ҚР Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров, ҚР Ұлттық ұланының баспасөз хатшысы Руслан Жангулин сөз сөйлейді. Баспасөз мәслихатын мына сілтемелер арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-
ru.facebook.com/ortcomkz.