26 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 26 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

26 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

26 шілде, СЕНБІ

Куба Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Ұлттық төңкеріс күні. Куба - Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығындағы Куба, Хувентуд және олардың жанындағы Үлкен Антил аралдар тобында орналасқан мемлекет. Астанасы - Гавана қаласы. Ақша бірлігі - Куба песосы. Ресми тілі - испан тілі. 1976 жылғы қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Осы екі Кеңестің төрағасы мемлекет басшысы болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 24-інде орнатылды.

Либерия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1847). Либерия - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 13 графтыққа бөлінеді. Астанасы - Монровия қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - либерия доллары. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы қос палаталы парламент - Сенат және Ұлттық ассамблея. Жоғары атқарушы органы - Үкімет.

Мальдив Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1965). Мальдив - Оңтүстік Азиядағы осы аттас аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы - Мале қаласы. Ресми тілі - мальдив тілі. Ақша бірлігі - мальдив руфиясы. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Меджлис.

Парашютші күні. 1930 жылдың 26 шілдесі күні Б.Мухортовтың жетекшілігімен кеңестік бір топ ұшқыш-парашютші Воронеждің аспанында ұшақтардан бірнеше рет секірулер сериясын ұйымдастырды. Бұл жағдай КСРО-да парашют спортының жаппай дамуына негіз салды.

Осы оқиғаның құрметіне жыл сайын 26 шілде күні парашют спортының кәсібилері мен кәсіпқойлары өздерінің төл мерекелерін атап өтеді. Дегенмен дата заң жүзінде ресми бекітілмеген.

1931 жылдың соңына қарай кеңестік парашютшылар жаттығулық және көрсетілімдік 600 секіру ұйымдастырды.

Кейін бұл спорт түріне әйелдер де қызығушылық таныта бастады. 1931 жылдың 14 шілдесінде КСРО-да алғаш рет парашютпен В.Кулешова секірді.

Алғашқы парашютті әзірлеп, құрастырған және оны сынақтан өткізген өздігінен білім алған-техник Глеб Котельников болды. 1911 жылдың 27 қазанында Котельников өзінің ноу-хауы «РК-1»-ді патенттеп, әскери министрлікке жүгінді. Бірақ ондағылар өнертабыстың маңыздылығын жіті түсінбей, Котельниковтың ұсынысынан бас тартты.

Бірақ өнер тапқыш Котельников парашюттердің қажеттілігі аса үлкен деп біліп, кейінгі жылдары «РК-2», «РК-3» парашюттерін ойлап шығарды. Ақырында, 1929 жылы партия мен үкіметтің шешімімен парашюттер авиация мен әуеде ұшу саласы үшін міндетті болды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

9 4 жыл бұрын (1920) Кеңестер съезінде Сәкен Сейфуллин Ақмола атқару комитеті мүшелігіне қабылданды және төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

4 4 жыл бұрын (1970) Қазақ мемлекеттік циркі құрылды.

Ұлттық Қазақ цирк бағдарламасының алғашқы тұсаукесері Саратов мемлекеттік циркінде өтті.

Бүгінде Қазақ мемлекеттік циркінің жетістіктері Қазақстанның әлем қоғамдастығындағы ортақ өркендеуімен тығыз байланысты. Біздің еліміздің цирк әртістері әлемнің көптеген елдерінде кеңінен танымал.

9 жыл бұрын (2005) Павлодарда «Дела давно минувших дней» атты кітап жарық көрді.

Басылымның авторы, милиция ардагері, отставкадағы полковник Николай Буран шынайы адамдардың шынайы жағдайлары туралы жазады. Бұл Павлодардағы жергілікті милиция қызметін деректі әңгіме түрінде жазылған алғашқы кітап.

7 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Орталық-азиялық ынтымақтастығы» ұйымының Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа ықпалдасуы жөніндегі хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

7 жыл бұрын (2007) елордада ЖҚТБ (СПИД) індетіне қарсы күресу жаңа бағдарламасы енгізілді.

Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі- Астана қаласының денсаулық сақтау департаменті. Басты мақсаты - АҚТҚ жұқпасының таралу жағдайын бір деңгейде ұстап отыру, оның жалпы таралуына жол бермеу, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен науқастанғандардың өмірін ұзарту, өлімін азайту.

4 5 жыл бұрын (1968) «Абай тілінің сөздігі» жарық көрді. Сөздікке 6 000-ға жуық сөз бен түсіндірмелер енген.

2 5 жыл бұрын (1989) Қазақ КСР Компартиясы ОК жанындағы комиссия қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ прозасындағы ең алғашқы роман «Бақытсыз Жамалдың» авторы Міржақып Дулатовтың шығармаларына дұрыс бағасын беріп, оларды жариялау туралы, әділеттілікті қалыптастыру туралы қорытынды шығарды.

20 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Жарлығы жарияланды.

1 5 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының «Барыс» ордені белгіленді. Бұл орденмен марапаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciнe; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халкының бірлігін қамтамасыз етуге; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға; ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ciңipгeн ерекше еңбегі үшін жүргізіледі. «Барыс» орденінің үш дәрежесі бар. І дәрежелі «Барыс» opдені жұлдыздан және иыққа асатын лентадағы белгіден тұрады.

10 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, республика аумағында осы уақытқа дейін қолданыста болған 3 сағаттық белдеудің орнына 2 сағаттық белдеу белгіленді. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында уақыт өлшемі елорда сағатынан 2 сағатқа кешігіп жүретін болды. Бұл белдеуге Ақтөбе облысы да кірді. Қызылорда және Қостанай облыстары елорданың сағат белдеуіне жақын орналасуына байланысты, аталмыш облыстар Астана қаласының сағаттық белдеуіне ауыстырылды. Осылайша, республиканың Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында уақыт өзгерді. Бұл шара ең алдымен, республика халқына жайлы жағдай жасауға, облыстардағы әкімшілік жұмыстарды оңтайландыруға, елдің біртұтас энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, сыртқы және ішкі көлік - жүк тасымалдарын, аймақтардың телекоммуникациялық жүйелерін өзара үйлестіруге бағытталды.

10 6 жыл бұрын (1908) АҚШ-та Федералды тергеу бюросы (ФБР) құрылды.

Федералды заңдардың бұзылуын тергеумен айналысады (өзге агенттіктерге жүктелгендерінен басқа), сондай-ақ контрбарлау қызметін жүзеге асырады. Федералды тергеу бюросының директорын Сенаттың келісімімен Президент тағайындайды.

23 9 жыл бұрын (1775) Бенджамин Франклин Солтүстік америкалық штаттардың бас почтмейстері қызметіне тағайындалды.

22 6 жыл бұрын (1788) Нью-Йорк штаты АҚШ-тың 11-інші штаты болды.

15 6 жыл бұрын (1858) барон Ротшильд ағылшын Парламентінің еврей ұлтты алғашқы мүшесі болды.

14 7 жыл бұрын (1867) ресей империясы Түркістан генерал-губернаторлығын құрды.

14 2 жыл бұрын (1872) Лимада елдің екі басшысы - заңды президент Хосе Бальта және оны биліктен аластатқан узурпатор Томас Гутиеррес өлтірілді.

8 9 жыл бұрын (1925) К.А.Калининнің алғашқы конструкторлық ұшағы «К-1» көкке көтерілді.

7 7 жыл бұрын (1937) Жапондықтар Қытайда қарулы қимылдарын жүзеге асыра бастады.

6 3 жыл бұрын (1951) Нидерландының Германиямен соғыс жағдайы аяқталды.

6 2 жыл бұрын (1952) Мысыр королі Фарук өзінің жеті айлық ұлы Фуад үшін тақтан бас тартып, елден кетті (қаралы сенбі).

5 6 жыл бұрын (1958) Ұлыбританияда ханзада Чарльз Уэльск ханзадасы титулын алды (9 жасында).

5 1 жыл бұрын (1963) аса күшті жер сілкінісі югославиялық қала Скопьені тас талқан етті. 1011 адам қаза тауып, 3350-і жарақаттанды.

4 9 жыл бұрын (1965) Мальдив аралдарының тәуелсіздігі жарияланды. Әлемдегі ең кішкентай мемлекеттердің бірі. 1887 жылдан бастап Ұлыбританияның иелігінде болды.

ЕСІМДЕР

6 6 жыл бұрын (1948-2007) дирижер, Қазақстанның халық әртісі, Батыс Берлинде өткен Халықаралық дирижерлер байқауының дипломанты, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері ӘБДІРӘШЕВ Төлепберген дүниеге келді. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), Мәскеу консерваториясын Г.Н.Рождественскийдің класы бойынша бітірген. 1974-1975 жылдары - Шымкент музыкалық училищесінің оқытушысы. 1979-1982 жылдары - Қазақ симфониялық оркестрінің дирижері. 1982-1983 жылдары Вена музыкалық академиясында (Австрия) тәжірибе жинақтаудан өткен. 1985-1987 жылдары - Қазақ академиялық опера және балет театрының бас дирижері. 1987 жылдан Қазақ симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері қызметтерін атқарған. Әр жылдары өнер сапарымен АҚШ-та, Англияда, Германияда, Ресейде, Украинада симфониялық оркестрлерге дирижерлік етті.

6 4 жыл бұрын (1950) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі ОХЛОПКОВА Татьяна Витальевна дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Славянка ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет) бітірген. 1969-1979 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ақтау қаласындағы қалалық комитетінде, 1979-1982 жылдары «Қызыл ту» өндірістік бірлестігінде инженері, Әуезов аудандық халықтық бақылау комитетінің инспекторы болып жұмыс істеген. 1982-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Әуезов аудандық комитетінің нұсқаушысы, Алматы қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жалпы бөлімінің нұсқаушысы. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Істері Басқармасының хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің хаттар және азаматтарды қабылдау секторының меңгерушісі. 1995-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметтерін атқарған. Елбасының 2010 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалған.

6 4 жыл бұрын (1950) эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі МЕЙІРБЕКОВ Ақжол Нұсқабекұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында туған. Ташкент музыка училищесін, Ташкент ауыл шаруашылық институтын бітірген. Алғаш рет «Алло, біз таланттарды іздейміз» Ташкентте өткен телебайқауына қатысып, жүлдеге ие болған. «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрамында әнші болып, Бүкілодақтық, дүниежүзілік және халықаралық фестивальдар мен байқауларға қатысып, лауреаты атанған. Кейіннен Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінің әншісі болды. 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған. Бірнеше медальдармен марапатталған. 9 3 жыл бұрын (1921-2001) суретші-график, Қазақстанның халық суретшісі ГАЕВ Николай Степанович дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ресейдің Қорған облысында туған. Свердлов көркемсурет училищесін бітірген. 1946 жылы Алматыға келіп, «Қазақфильм» киностудиясында, республикалық баспаларда қызметте болған. 1962-1965 жылдары - Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының, 1968 жылдан графика секциясының төрағасы болды.Ол эстамп, кітап графикасында және техникалық линогравюра, офорт, пастель, тағы да басқа салаларда еңбек етті. Ол түрлі тақырыптағы шебер салынған 20-дан астам графикалық топтаманың авторы. Оның шығармашылық табысына «Қырағы болыңдар, адамдар», «Соңғы хаттар», «Тың игеру», «Республиканың тууы», т.б. линогравюра, триптих, графикалық топтамалары және әл-Фараби, Әбілқайыр хан, Кенесары, Абай, Мұхтар Әуезов, т.б. тарихи тұлғалардың, сондай-ақ, өз замандастарының, әртістер мен жазушылардың, соғыс ардагерлерінің портреттері жатады. Ол республикадағы және шет елдердегі 60-қа таяу көрмелерге қатысқан. Суретшінің туындылары Мәскеудегі Третьяков галереясында, Алматыдағы Қазақстан мемлекеттік өнер мұражайында, Миландағы өнер мұражайында (Италия) сақтаулы. Ұлы Отан соғысының 1-ші, 2-ші дәрежелі ордендерімен, медальдармен марапатталған.

7 8 жыл бұрын (1936-1990) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ӘБДІХАЛЫҚОВ Маршалл дүниеге келді. Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастап, Тарас Шевченконың әдеби-мемориалды мұражайында, «Жас алаш» газетінде, «Қазақстан әйелдері», «Жұлдыз» журналдарында, «Қазақфильм» киностудиясында еңбек еткен. Жазушының «Желаяқ бала», «Алыстағы Маңғыстауда», «Қара тасқын» повестері, «Жердің асты жеті қат», «Сүйінқара» романдары жарық көрген. «Асыл жандар» атты пьесасы Атырау облыстық музыкалық драма театрының сахнасында қойылған. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Ақшұңқыр ауылындағы орта мектепке жазушының есімі берілген және мұражайы бар.

7 8 жыл бұрын (1936) қоғам қайраткері, ғалым-офтальмолог, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері МҰСТАФИНА Жанар Ғабиденқызы дүниеге келді. Ресейдің Новосібір қаласында туған. Қазақ медицина институтын бітірген. Негізгі ғылыми еңбектері көру мүшесінің патологиясы бар ауруларды анықтауға, емдеуге және сауықтыруға арналған. Ол мыс қорыту өндірісінде жұмыс істейтін адамдардың көз патологиясына ұшырау себептерін зерттеген. Оның басшылығымен глаукома ауруын анықтау, емдеу және одан зағип болып қалмау әдістері жетілдірілді, офтальмологиялық жұмыстарға қажетті директивті-нормативтік құжаттар әзірленді, сондай-ақ халыққа офтальмологиялық көмек көрсету мәселесі және Қазақстанда көз микрохирургиясы ұйымдастырылды, оқу-әдістемелік және ғылыми-өндірістік «Офтальмология» бірлестігі құрылды. Ғалым 1960 жылдан бері Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында еңбек етті. «Құрмет белгісі» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

60 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, 2009-2014 жылдар аралығында ҚР Қорғаныс министрі ЖАҚСЫБЕКОВ Әділбек Рыскелдіұлы дүниеге келді. Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған. Мерзімді әскери қызметін Кеңес армиясының қатарында Қызыл Тулы Сібір әскери округінде өтеген. 1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ КСР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған. 1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды. 1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалады. 1997 жылғы желтоқсан мен 2003 жылғы маусым аралығында - Астана қаласының әкімі. 2003 жылғы маусым мен 2004 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2004 жылғы желтоқсаннан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2008 жылғы 23 қаңтар мен 13 қазан аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары - ҚР Президентінің кеңесшісі. 2008 жылғы қараша мен 2009 жылғы маусым кезеңінде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. ҚР Футбол Федерациясының Президенті. 2008 жылы Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» архитектуралық кешені үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», II және III дәрежелі «Барыс», III дәрежелі «князь Ярослав Мудрый» (Украина) ордендерімен және медальдармен наградталған. «Зажечь звезду-столицу», «Так начиналась Астана. Записки первого акима столицы» кітаптарының авторы.

5 3 жыл бұрын (1961) ҚР Парламенті Мәжілісінің бесінші сайланым депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі БЕГЕНЕЕВ Андрей Анатольевич дүниеге келді. Ақмола облысы Астрахань ауданының Қайнар ауылында туған. Целиноград инженерлiк-құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы Қорған қаласы «Қазақтранстехмонтаж» тресі Водрем 73-те екінші разрядты слесарь-сантехник болып бастаған. 1979 жылы - Гурьев қаласы «Қазақтранстехмонтаж» тресінің № 256-шы құрылыс-монтаж поезында үшінші разрядты слесарь-сантехник. 1980 - 1982 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген (Киев,Чита). 1985 жылы - Целиноград қаласында «Жиһаз» дүкенінің суретшісі. 1987 жылы - Қарағанды металлургия комбинатының сумен жабдықтау цехында бесінші рязрядты слесарь-сантехник. 1988 жылы - су құбыры желiлері учаскесінің шебері. 1990-1991 жылдары - су құбыры желiлері учаскесінің бас шебері. 1991 жылы - Ақмола облысы Астрахань ауданының Бiрiншi май кеңшарына бесіншi разрядты бақташы болып қабылданған, ал 1992 жылы құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып ауыстырылды. 1992 жылы - Қарағанды металлургия комбинаты сумен жабдықтау цехының су құбыры желілері учаскесінің бастығы. 1995 жылы - «Испат - Кармет» АҚ сумен жабдықтау цехы бастығының орынбасары. 1997 жылы - «Испат - Кармет» АҚ сумен жабдықтау цехының басшысы. 2011-2012 жылдары - Темiртау Арселор Миттал АҚ баскармасы дирекциясының сумен жабдықтау жөніндегі бас маманы. 2012 жылғы қаңтар - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан магнитқасына 50 жыл» медалімен марапатталған. 3 6 жыл бұрын (1978) «Темірбанк» АҚ-ның басқарма төрағасының бірінші орынбасары ШӘЙКЕНОВ Ержан дүниеге келді. Алматы қаласында туған. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын үздік аяқтады. 2001 жылы Лондонда Cass Business School, City University-де «Банк ісі және халықаралық қаржылар» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 1998-2005 жылдары АБН АМРО Банк Казахстан», «Темiрбанк» АҚ және «АТФБанк» АҚ-да жобалау және корпоративтік қаржыландыру мәселелерімен шұғылданды. 2006 жылдан «Темірбанк» АҚ-да әртүрлі лауазымдар атқарнды. 2009 жылдан - осы банктің басқарма төрағасы, 2009-2012 жылдары - «Темірбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы сәуірден бері. Аталған қызметінде 2012 жылдың сәуірінен бастап.

10 6 жыл бұрын (1908-1973) чили мемлекет және саяси қайраткері, 1970-1973 жылдардағы Чили президенті Сальвадор Альенде ГОССЕНС -дүниеге келді.

8 6 жыл бұрын (1924-2010) итальян саясаткері, Италияның 63-ші премьер-министрі және 8-ші президенті Франческо Маурицио КОССИГА дүниеге келді.

5 8 жыл бұрын (1956) Пәкістанның 2008 жылдан бергі президенті, Пәкістан халықтық партиясының көшбасшысы Асиф ЗАРДАРИ дүниеге келді.

4 4 жыл назад бұрын (1970) ресейлік музыкант, «Иванушки International» тобының солисі Андрей Генрихович ГРИГОРЬЕВ-АППОЛОНОВ дүниеге келді.