26 шілде. Туған күн иелері
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 26 шілде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Новосибирск қаласында туған. Ол – әйгілі қазақ және кеңес жазушысы Ғабиден Мұстафиннің қызы. 1960 жылы Алматы медицина институтын бітірген. 1960 жылдан Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында кіші, кейін аға ғылыми қызметкер, директордың ғылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Самарқанда кандидаттық диссертациясын қорғады. 1987-2001 жылдары Көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының директоры және Алматы мемлекеттік медицина институтының көз аурулары кафедрасының меңгерушісі болды. ТМД-дағы тұңғыш «Офтальмология» оқу-әдістемелік, ғылыми-өндірістік бірлестігіне жетекшілік етті. 2003 жылдан бастап ҚазҰМУ-да тәрбие жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Жанар Ғабиденқызы Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге танымал қазақ офтальмологиялық мектебінің негізін салушылардың бірі болды. Елімізде және одан тыс жерлерде лайықты бедел мен құрметке ие болды. «Парасат», «Құрмет белгісі», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» және басқа да көптеген ордендермен марапатталған. «Ұлттық медицина бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары наградасы – «Алтын дәрігер» төсбелгісі, «Ave Vitae» орденінің иегері. 300-ден астам ғылыми мақалалардың, оның ішінде алты монографияның, әдістемелік нұсқаулардың, оқу-әдістемелік құралдардың, сөздіктердің, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 50-ден астам өнертабыстары мен патенттерінің авторы.

Еңбек жолы: Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мен Тараз қаласы прокурорларының көмекшісі, Бас прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім прокуроры, Бас Прокурор аппаратын Бас Прокурордың аға көмекшісі, Ақмола облысының Целиноград ауданының прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының прокуроры (2017-2019) лауазымдарын атқарған. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйегінен бастап.