26 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 26 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

26 тамыз, СЕЙСЕНБІ Испаниядағы өнім мейрамы - «Томатина». Бұл мерекені жыл сайын тамыз айының соңғы сәрсенбісінде атап өтеді. Осы күні Валенсияға таяу орналасқан Буньол қалашығы шайқас алаңына айналып, көшеге мыңдаған адам шығып, қызанақпен атысады. Дәстүрге айналған қызанақ атысы 60 жылдан астам уақыт жалғасын табуда. 1959 жылы қызанақ атысына ресми түрде тыйым салынды. Бірақ, қала тұрғындарының өтініші бойынша үкімет органдары рұқсат беруге мәжбүр болды. Абхазияның тәуелсіздік алған күні. 2008 жылы тамыздың 26-ында Ресей Федерациясы Абхазияның тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қойғанын жариялады. АҚШ-та әйелдердің теңдігі күні. Бұл күннің негізін американдық саясаттанушы, заңгер, қоғам қайраткері, жазушы Белла Абзуг қалаған, алғаш рет 1971 жылы атап өтілді. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 174 жыл бұрын (1840) Оралда орталық мәдениет және демалыс бағы ашылды. Бақтың бастапқы аумағы 7,5 шақырымды құрады. Қазіргі кезде 5,6 гектар жерді құрайды. 1935 жылы баққа Сергей Кировтың есімі берілген. 1997 жылы ол мемлекет қорғауындағы тарихи және мәдениет ескерткіштер санына қосылған болатын, кейіннен мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорынға өзгертілді. 95 жыл бұрын (1920) тамыздың 26-ы мен 31-і аралығында Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Гурьев уезі кеңесінің бірінші съезі өтті. 125 делегат қатысқан бұл съезде жергілікті мемлекеттік басқару органы құрылды. 16 жыл бұрын (1998) Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік университетінің алдына ұлы тарихшы, шығыстанушы, ойшыл, ақын, қолбасшы Мұхамед Хайдар Дулатиге ескерткіш орнатылды. 15 жыл бұрын (1999) Қазақ ұлттық университеті ғимаратында академик Өмірбек Жолдасбековке ескерткіш тақта орнатылды. 9 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдық мерейтойына арналған жаңа көркем пошта маркаларының таныстырылымы болып өтті. Пошта маркасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын тойлау рәсімі бейнеленген. Марка офсет әдісін қолданылып төрт түрлі бояумен орындалған, өлшемі 33 х 27,5 мм. Ресімдеуші - Р.Жапалова. ҚХР байланыс және ақпараттандыру министрлігі жанындағы Қытай пошта маркаларының типографиясында жасалған. 5 жыл бұрын (2009) Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалалық білім жүйесіне жан-жақты қолдау көрсеткен үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісіндегі ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 286 жыл бұрын (1728) Витус Беринг Азия мен Америка аралығындағы бұғазды ашты. 225 жыл бұрын (1789) Францияда «Адам және адамзат құқықтары» декларациясы қабылданды. Онда халық тәуелсіздігі қағидаттары, адам және адамзат құқықтарының заң жүзіндегі теңдігі, адамның жеке басының бостандығы, сөз, ар-ұждан бостандығы жарияланды. Декларацияның негізгі ережелері 1791 жылғы және одан кейінгі француз конституцияларына, сонымен қатар көптеген басқа да мемлекеттердің конституцияларына енді. ЕСІМДЕР 75 жыл бұрын (1939), Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы ӘМІРОВ Құлман Молдазымұлы дүниеге келді. Қырғызстан Республикасының Фрунзе қаласында туған. Қазақ технологиялық институтын бітірген. «Ертіскөмір» өндірістік бірлестігінде, «Павлодарсантехмонтаж» Екібастұз телімінде істеген. 1970-1974 және 1981-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы болған. 1974-1979 жылдары - Қазақ КСР Монтаждық және арнайы құрылыс жұмыстары министрінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1991-1993 жылдары - «Қазмонтажарнайықұрылыс» мемлекеттік концернінің бірінші вице-президенті. 1993 жылдан бастап «Монтажарнайықұрылыс» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті болып істеді. Медальмен марапатталған. 84 жыл бұрын (1930-1999) генерал-майор, Қазақ КСР-нің мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің құрметті қызметкері НАЛПИН Виктор Федорович дүниеге келді. Ресей Федерциясының Краснояр өлкесінде туған. Томск политехникалық институтын бітірген. Өскемен қаласында мастер, аусым бастығы, инженер, партия комитеті хатшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан бойынша Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi басқармасында бөлім бастығы, Қазақ КСР-нің Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi басқармасы бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталған. 79 жыл бұрын (1935-1996) сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі РАТУШНЫЙ Юрий Григорьевич дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Новосибирск инженер-құрылыс институтын бітірген. Алматы қаласындағы Қазақ қала құрылысын жобалау институтында жобалау тобының жетекші, жобалау шеберханасының сәулетшісі қызметтерін атқарған. Оның негізгі жұмыстары: Республика сарайы (Н.И. Рипинский, В.Ю. Алле, В.Н. Ким, Л.Л.Убохотов т.б. бірге), «Қазақстан» қонақ үйі (Убохотовпен бірге), Саяси-оқу үйі (Т.Ералиевпен бірге), Орталық мұражайы (З.Мустафинмен бірге) т.б. ғимараттарды салған. КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 63 жыл бұрын (1951) медицина ғылымдарының докторы, доцент, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ДЕРНОВОЙ Анатолий Григорьевич дүниеге келді. 1974 жылы санитар дәрігер мамандығы бойынша Қарағанды медициналық институтын тәмәмдап, Талдықорған облысының Киров аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық бөліміне меңгеруші ретінде жолдама алды, кейін СЭС бас дәрігер болып тағайындалып сол лауазыммен 1981 жылға дейін қызмет атқарды. 1981-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы. 1987-1988 жылдары- Талдықорған қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1988-1989 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК нұсқаушысы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің нұсқаушысы. 1991 жылдан 1994 жылға дейін Алматы облысы Бас Мемлекеттік санитар дәрігер лауазымын атқарды 1994 жылдан 1996 жылға дейін Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігері. 1996 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының бастығы. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі. 27 июля 2009 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. Үш монографияның, 124 ғылыми мақала мен 5 әдістемелік ұсынбаның авторы. «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 60 жыл бұрын (1954-1995) кинорежиссер САЛЫҚОВ Қалықбек Садықұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы театр және кино институтын бітірген. 1980-1981 жылдары Шымкент облыстық драма театрында режиссер болып қызмет атқарған. 1981 жылдан бастап кино түсірумен айналысады. Режиссердің ассистенті, екінші режиссер болып тәжірибе жинақтаған. 1984 жылы алғашқы көркем фильмі «Торды» түсірген. Сондай-ақ оның «Балкон», «Желтоқсан көңілдестері» фильмдері бар. 52 жыл бұрын (1962) биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жоғарғы мектеп ғылым академиясының академигі ЕРЖАНОВ Нұрлан Тельманұлы дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған. 1984 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология және химия мамандығы бойынша бітірген, осы оқу орнында инженер, аға мұғалім, зоология кафедрасының меңгерушісі, биология-география факультетінің деканы болды, 1998 жылдан - ҚарМУ-дің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, 2000 жылдан - оқу жұмыстары жөніндегі проректоры, 2001-2004 жылдары - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші проректоры болды. 300-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (1996 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2001 ж.), Қарағанды облыс әкімінің Құрмет грамотасымен (2002 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ҚР Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2005 ж.) марапатталған, ҚР ғылым мен техниканы дамытуға аса ірі үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшін мемлекеттік ғылыми стипендианты (2006-2008 ж.ж.). 40 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі ІЛИЯСОВ Мағжан Жанботаұлы дүниеге келді. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген. 1994-1995 жылдары - Америка Құрама Штаттарында оқыған. І сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық рангі бар. 1996-1999 жылдары - ҚР сыртқы істер министрлігінің халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар Бас басқармасының референті, атташесі, БҰҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының үшінші, екінші хатшысы. 1999-2007 жылдары - ҚР Президентінің хаттама қызметінің консультанты, ҚР Президенті Әкімшілігі кеңсесінің бас сарапшысы, Сыртқы саясат орталығының бас сарапшысы, бас инспекторы. 2007 жылғы ақпаннан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы маусымнан бері. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. 271 жыл бұрын (1743-1794) француз химигі, қазіргі химияның және термохимияның негізін қалаушылардың бірі ЛАВУАЗЬЕ Антуан Лоран дүниеге келді. 134 жыл бұрын (1880-1918) көрнекті француз ақыны, прозашы, көркем әдебиет сыншысы ГИЙОМ АПОЛЛИНЕР (шын аты-жөні Вильгельм Аполлинарий Кастровицкий) дүниеге келді. 104 жыл бұрын (1910-1997) діни және қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты, Қайырымдылық орденінің негізін қалаушы ТЕРЕЗА АНА (Агнес Гонджа Бояджиу) дүниеге келді. Балқанда туған деп саналады, алайда монахинаны жерлеу күндері Македония Республикасы оның осы мемлекеттің астанасы Скопьеде туғанын мәлімдеді. 18 жасында Ирландияға кетіп, «Лорето ирландық бикелері» монахтар орденіне кірді. 1931 жылы Тереза есімін алды. Кейіннен орден оны Калькуттаға жіберіп, сонда 20 жылға жуық уақыт әулие Мария әйелдер мектебінде сабақ берді. 1946 жылы 10 қыркүйекте орден басшылығынан Калькуттаның кедей және бейшара адамдарына көмек көрсетуге рұқсат алды. 1948 жылы сонда Қайырымдылық орденін ұйымдастырды. 1965 жылдан бастап Қайырымдылық ордені басқа елдерде де ашылып, бүгінде әлемнің 111 елінде 400 бөлімшесі және 120 елде 700 қайырымдылық үйі ашылып отыр. Оның миссиясы сондай-ақ табиғи апаттарға және экономикалық қиыншылыққа ұшыраған елдерде де қызмет етеді. 1979 жылы Терезаға Нобель сыйлығы берілді. 87 жасында қайтыс болды. 2003 жылы Католик шіркеуі оны әулиелер санатына жатқызды. 89 жыл бұрын (1925) кинорежиссер, актер, қоюшы, сценарист және композитор ТОДОРОВСКИЙ Петр Ефимович дүниеге келді. 34 жыл бұрын (1980) американдық ең жас актер-миллионер КАЛКИН Маколей Карлсон дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар