26 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 26 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

26 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

8.30-да «Думан» қонақүйінде қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының 90 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.

10.00-де Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында «Рухы мықты» марафоны өтеді.

10.00-де Demalys Promenad аллеясында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында ауқымды мектеп жәрмеңкесі өтеді. 28 тамызға дейін жалғасатын жәрмеңкеде кәсіпкерлер мен отандық өндірушілердің тауарлары төмен бағада ұсынылады.

11.00-де Youtube платформасында «Қоғам мен мемлекетті трансформациялау жағдайындағы конституциялық бақылаудың эволюциясы» халықаралық дөңгелек үстелі өтеді.

https://studio.youtube.com/video/_bIMXYnhWdI/livestreaming

11.00-де «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында «Еуропа-Азия» Халықаралық Бейбітшілік және келісім маршының атқарушы директоры Р. Абдуллиннің төрағалығымен дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Конституция күні мен Білім күніне арналған «Ата Заң – елдігімнің негізі» тақырыбында мерекелік сабақ өтеді.

15.00-де «Ibis» қонақүйінде «Zhasdaryn» бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

15.00-де «Rixos President Astana» қонақүйінде Қазақстан үшін жаңа туристік бағыт – «Медициналық туризм» туралы дөңгелек үстел өтеді.

19.00-де Жастар театрында «Мінсіз бейтаныс адамдар» қойылымы көрсетіледі.

19.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» сахнасында «Тәуелсіздік тұмарысың – Ата Заң» концерті өтеді.