26 тамызда Қазақстанда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 тамыз күні елімізде болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.30-да «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» тақырыбында онлайн конференция өтеді.

11:00-де Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медиа саласы мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының ректорларымен онлайн-форматта «Қазақстан Республикасындағы журналистика деңгейі» тақырыбында кездесу өткізеді. Кездесудің тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.

12:00-де Jas Otan Жастар қанатының Орталық аппаратында «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға мектеп тауарларын сатып алуға сертификаттар табысталады.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «LIDER Z» жобасы аясында, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жаңа бағдарламалар туралы» баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, «Ерекше Таңдау-Шелек» КҚ бағдарламалық директоры Захира Бегалиева, IT жобаның қатысушысы Максим Северьянов.

15.00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен онлайн форматта ұлы ақын – Абайдың 175 жылдығына арналған «Әлемді аялаған сөз. Қазақстан этностарының өкілдері Абай туралы» атты кітаптың тұсаукесерін өткізеді. Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының Facebook -тегі ресми парақшасынан көруге болады.


АЛМАТЫ

11.00-де ҚКХП Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде «Азаматтарға атаулы әлеуметтік көмектің проблемалық мәселелері туралы» тақырыбында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының бастамашыл тобы өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен қоғамдық пікірталас өтеді.

Соңғы жаңалықтар