26 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 тамызда елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

26 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

Сағат 11:00-де елордадағы ҚР Ұлттық кітапханасының Конституция залында ҚР Конституциясы күніне арналған «Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы тұрақтылығының нышаны әрі кепілі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Сонымен қатар елордадағы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында, сағат 11:00-де «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шараны ҚР Сырты істер министрлігі елміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Бас редакторлар клубымен бірге ұйымдастырған болатын.

Дәл осы уақытта «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің алаңында ҚР Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігі сатып алулардағы бәсекелестік тақырыбында Оpen Space өткізеді. Оны ҚазАқпараттың https://www.youtube.com/watch?v=ADz-_HhrrWk Youtube-арнасынан көре аласыздар.

Ал сағат 12:00-де «Антиконтрафакт» IX халықаралық форумы ұйымдастырылады. Іс-шара өнеркісіптің өнімдердің заңсыз айналымына, контрафактілік және жалған тауарлардың таралуына байланысты проблемаға арналған. Іс-шара елорданың Мәңгілік ел даңғылы бойындағы 57А үйде орналасқан Ұлттық зияткерлік меншік институтында өтеді.

Сондай-ақ сағат 12:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2021 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру туралы» тақырыбында баспасөз мәслихаты болады. Іс-шара барысында ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов, ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бағыт аға офицері Руслан Тапашев көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап береді.

Сағат 17:00-де «Астана Опера» сахнасында БАҚ өкілдеріне арналған іс-шара ұйымдастырылады. Ол Абай атындағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастроліне арналады.