26 жастағы француз Себастьен Грос «Kazakhstan Open-2015» халықаралық гольф турнирінің жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен «Kazakhstan Open-2015» халықаралық гольф турнирі өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған спорт додасында 26 жастағы француз Себастьен Грос жеңімпаз атанды.

26 жастағы француз Себастьен Грос «Kazakhstan Open-2015» халықаралық гольф турнирінің жеңімпазы  атанды

Чемпион 70 мың еуро көлемінде сыйақыға ие болды. Француздың соңғы айналымдағы соққысы өзінің бәсекелесі Мадс Согаардтың соққысынан сенімдірек болды.

Нәтижесінде 26 жастағы француз Себастьен Грос жалпы есепте 274 балл (-14) жинап бірінші орынға ие болды. Екінші орынға 275 балмен (-13) Мадс Согаард, үшінші орынға 277 (-11) баллмен АҚШ өкілі Дениел Им тұрақтады.

Айта кетейік, биылғы турнирде әлемнің түрлі елдерінен 132 гольфшы бағын сынады. Олардың ішінде «European Challenge Tour» рейтингінің алғашқы «жүздігі» бар.