26 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 26 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

шаралар
Фото: Pixabay

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

11.00-де Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл қорытындысы мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жыл қорытындысы: Қазақ армиясының трансформациясы» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы болады.

15.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушы құқығын қорғау департаментінің 2023 жылға арналған жұмыс қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

16.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Әлемді өзгертетін армандар» спектаклін сахналайды.

19.00-де Astana Opera театрында «Алжирдегі италиялық қыз» опера-буффасын қояды.