26 желтоқсан Ресейде жалпы ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 26 желтоқсан ТУ 154 ұшағы апатының құрбандарын жалпы ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.
None
None

«Ертең Ресейде жалпы ұлттық аза тұту күні жарияланады»,-деді мемлекет басшысы журналистерге.

Сондай-ақ президент марқұм болғандардың жақындарына көңіл айтты және оларға қажетті көмек көрсетілетіндігіне сендірді.

РФ Қорғаныс министрлігінің ТУ-154 ұшағы жағалаудан 1,5 шақырым қашықтықта Қара теңіз теңізге  құлаған., ТУ-154 Адлер аэродромынан ұшып шыққан соң радардан жоғалып кеткен. 

Соңғы деректерге қарағанда, бортта 92 жолаушы, 8 экипаж мүшесі, 65 Александров атындағы ансамбль әртістері мен ресейлік БАҚ-тың тоғыз өкілі болған.

Соңғы жаңалықтар