26 желтоқсан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 25 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын(1959) қазақстандық қаржыгер, банкир, экономист, Еуразиялық даму банкі Басқарма төрағасының орынбасары Григорий Александрович МАРЧЕНКО дүниеге келді.

Алматыда туған. 1984 жылы Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.
1984-1986 жылдары Қазақ КСР-ның Түсті металдар министрлігінің: конструкторлық-технологиялық бюросында инженер-конструктор, басқарушы кадрлар бөлімі бастығының орынбасары – Министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 1986-1988 жылдары Ғылыми- экономикалық және техникалық-экономикалық зерттеулер Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Маркетингтік ақпарат тобының аудармашысы, редакторы, аға редакторы, топ жетекшісі болып жұмыс істеді. 1988-1990 жылдары Жартылай өткізгіш машина жасау конструкторлық бюросы секторының атқарушы директоры, «АЛОЭ» ғылыми-өндірістік кооперативтік орталығында Конструкторлық бюроның төрағасы болып жұмыс істеді. 1990-1991 жылдары Германияда оқыды, Carl Duisberg Ges тағылымдамашысы болды. 1991-1992 жылдары «Еуразия» аймақаралық мемлекеттік экологиялық консорциумының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі бас сарапшысы болып жұмыс істеді. 1992-1994 жылдары ҚР Вице-Президентінің көмекшісі болды. 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1996-1997 жылдары ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы қызметін атқарды. 1997-1998 жылдары ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды. 1998-1999 жылдары «Deutsche Bank –Securities (Kazakhstan)» ААҚ президенті болып жұмыс істеді. 1998-2004 жылдары ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы болды. 2004 жылы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. Сол жылы ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып қызмет атқарды. 2004-2009 жылдары ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды. 2005-2009 жылдары «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқармасының төрағасы лауазымын атқарған. 2009-2013 жылдары ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болды.
Қазіргі қызметін 2020 жылдың қазан айынан бастап атқарып келеді.
48 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Асқар Қуандықұлы НҰРША дүниеге келді.

Алматыда туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетін, 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Республикасының халықаралық қатынастар және сыртқы саясат кафедрасында білім алған, тарих ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 2001-2005 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті ҚР халықаралық қатынастар және сыртқы саясаты кафедрасының оқытушысы, 2005-2007 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында сыртқы саясатты зерттеу бөлімінің меңгерушісі, 2007 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының халықаралық зерттеулер орталығының жетекшісі, 2012-2013 жылдары ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы, 2013 жылы Халықаралық зерттеулер орталығының жетекшісі, 2013-2017 жылдары сыртқы саясат жобаларының үйлестірушісі, 2017-2018 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының Алматыдағы кеңсесінің басшысы, 2018-2020 жылдары Алматы менеджмент университетінің Саясат және құқық мектебінің деканы, 2022-2023 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі болып қызмет атқарған.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
130 жыл бұрын (1894-1938) мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Түрксіб құрылысының негізін салушылардың бірі Тұрар РЫСҚҰЛОВ дүниеге келген.

1907-1910 жылдары Тұрар Меркідегі орыс-қазақ бастауыш мектебінде, 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауыл шаруашылық училищесінде оқып, бау-бақша мамандығын алады. 1914-1916 жылдары Меркіде және Ташкент түбіндегі бау-бақша ісімен айналысады. 1916 жылдың жазында Әулиеата оязында отаршылдыққа қарсы қарулы көтерілісті ұйымдастырғаны үшін қамауға алынады. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жас интеллигенттердің саяси сауаттану мектебі болды және олардың тағдырын айқындап берген ұлы қозғалыс еді. 1917 жылғы революция кезінде патшаның тақтан құлағанын естіген Т. Рысқұлов Ташкенттегі оқуын тастап, Әулиеата оязындағы Меркі ауданына келеді. Онда еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресу мақсатында 1917 жылдың басында «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. 1918 жылы Әулиеата оязы Совдепі төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Қазан айында Кеңестердің VІ съезінде ТүркОАК құрамына кіреді. Одан кейін Түркістан Республикасының денсаулық сақтау халкомы болып тағайындалады. Түрлі қызмет атқарып, 1920 жылы Түркістан Компартиясы ОК-нің мүшесі, Түркістан АКСР ОАК төрағасы болып сайланды. Рысқұловтың саяси, мемлекеттік қызметкер ретіндегі есімі Мұсылман бюросындағы қызметімен байланысты кеңінен белгілі болды. Оның басшылығымен Мұсбюро Орталықтың қысымы мен диктатына қарсы үнемі күрес жүргізді. Түркі Республикасы мен Түркі компартиясын құру жөніндегі Рысқұлов көзқарастары Мұсбюроның ІІ конференциясында қолдау тапты. Бірақ орталық араласып, түркістандықтардың ұлттық бағдарлануға деген еркіндігін басып тастады. Тұрарға пантюркизм мен ұлттық ауытқу жөнінде айып тағылып, өмірінің соңына дейін қамалды. Т. Рысқұлов 1920 жылы Бакудегі Шығыс халықтарының І съезінің жұмысына қатысты. 1920 жылы желтоқсанда РСФСР Ұлттар ісі жөніндегі халкомының орынбасары, 1922 жылы Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 1924 жылы Монғолияға Коминтерннің өкілі ретінде жіберілді. 1925 жылы Қазрайком БКП (б) баспасөз бөлімінің меңгерушісі және «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы, 1926-1937 жылдары мақта жөніндегі тұрақты мәжіліс төрағасының орынбасары. Оның қаламынан ондаған кітап, кітапша, 100-ден астам мақала шықты. 1937 жылдың мамыр айында Мәскеуде қамауға алынған. 1934 жылы құрылған «Бүкілодақтық біріккен орталықты» ұйымдастырушы деген айып тағылған. 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына ұшырады.