26 желтоқсанда еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 желтоқсан күні Қазақстанның бес қаласында ауа сапасының ластануы күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Балқаш, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында ауа сапасының ластануы күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы, Тараз, Өскеменде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.