26 жылда алғаш рет жапондық әйелдер өмір сүру ұзақтығы бойынша көшбасшылықтан айырылып қалды

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Жапон әйелдері соңғы 26 жылдың ішінде алғаш рет өмір сүру ұзақтығы бойынша әлемдік көшбасшылықтан айырылып қалды.
None
None

Олар Гонконг әйелдеріне жол берді, деп хабарлады  The Japan Times  Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство жариялаған есепте 2011 жылғы әртүрлі елдердегі  күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы туралы мәліметтер берілген. Аталған құжатқа сәйкес, жапон әйелдерінің көрсеткіштері 2010 жылмен салыстырғанда 0,4 жылға төмендеп, 85,9 жасты құраған. Ал бірінші орынға шыққан Гонконг әйелдері 86,7 жыл өмір сүреді.

Соңғы жаңалықтар