268 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 18 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады.

268 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 268 жағдайы тіркелді. Оған қоса 85 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 40488, 421 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29719 жетті.