27 ақпанға арналған ауа райы
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - 27 ақпан күні ҚР-ның батысында, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты шамалануда, кейбір жерлерде жауын-шашындар өтіп, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады, елдің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Қостанай, Ақмола облыстарының бірқатар жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында күндіз кей жерлерде бұрқасын, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей аймақтарында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы ықтимал, Жарма ауданында күндіз жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде тұман, күндіз кейбір жерлерде бұрқасынды жел соғады.
Маңғыстау облысының бірқатар аймақтарында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Атырау облысының кейбір жерлерінде 18 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман болады деп күтілуде.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының жекелеген өзендерінде мұз құбылыстарының әлсіреуі, су деңгейінің ауытқуы күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмеуде.