27 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 27 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
77 жыл бұрын (1948) «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының бірінші орынбасары Төлеубек Нығметұлы ӘЛПИЕВ дүниеге келді.

1964 жылы Мәскеу консерваториясы жанындағы П.Чайковский атындағы музыкалық училищесі мен 1977 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын скрипка сыныбы бойынша үздік бітірген.
Еңбек жолын 1970 жылы Фрунзе қаласында Қырғыз КСР Телевидение және Радиосы симфониялық оркестрінің әртісі болып бастады. 1977-1985 жылдар аралығында Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясы симфониялық оркестрінің әртісі болды (Алматы). 1985-1988 жылдары «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігі бас директорының орынбасары, 1988-1989 жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясының директоры–көркемдік жетекшісі, 1989-1992 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Мәдениет істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, 1992-1995 жылдары ҚР Мәдениет министрінің орынбасары, 1995-2000 жылдары ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті жанындағы Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясының бас директоры, 2000-2013 жылдары Қазақстанның жаңа астанасындағы опера-балет өнерінің дамуына негіз болған К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрын басқарды. 2013-2014 жылдары «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының бірінші орынбасары, 2014-2016 жылдары «Астана Опера» МОБТ директоры.
2016 жылғы 28 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін — «Астана Опера» МОБТ директорының бірінші орынбасары.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «Достастық жұлдызы» халықаралық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі, «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Астананың 20 жылдығы» медальдарымен марапатталған. А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының қойылымы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
60 жыл бұрын (1965) Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ұлатайұлы АХМЕТЖАНОВ дүниеге келді.

1990 жылы Алматы қаласындағы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
2005-2009 жылдары Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы. 2009-2014 жылдары Алматы қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы, 2014-2017 жылдары Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы, 2017-2020 жылдары ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.
2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
54 жыл бұрын (1971) ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Олжабайұлы СӘДУАҚАСОВ дүниеге келді.

Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы Атбасар қаласында Атбасар аудандық СЭС санитарлық бөлімінің меңгерушісі болып бастады. 1999-2000 жылдары Атбасар аудандық СЭС бас дәрігері болды. 2000 жылы Ақмола облысының СЭС бас дәрігерінің санитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті. 2001-2009 жылдары Көліктегі Ақмола аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары, 2009-2014 жылдары ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басқармасының басшысы, төрағасының орынбасары, бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, 2014-2017 жылдары ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің техникалық регламенттер талаптары мен санитариялық шаралардың сақталуын бақылау басқармасының басшысы, 2017-2019 жылдары ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019-2020 жылдары ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2020-2022 жылдары ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, 2022-2024 жылдары ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, 2024 жылы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
53 жыл бұрын (1972) Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы НАРЫМБЕТОВ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1998-2001 жылдары жж Сарыағаш ауданы № 13 кәсіби-техникалық мектебінің мұғалімі болды, 2001-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, кейіннен бөлім бастығы, 2003-2004 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінде бас маман, бөлім бастығы, 2004-2006 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде Ішкі саясат бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, 2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі саясат департаментінің директоры, 2008-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінде Ұйымдастыру секторының меңгерушісі, 2009-2010 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2010-2015 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, 2015-2018 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ, «Азиялық газқұбыр» ЖШС-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша газ тасымалдау басқармасының директоры, 2018-2021 жылдары «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2021-2023 жылдары Шымкент қаласының мәслихат хатшысы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурызынан бастап атқарып келеді.
«Астана қаласының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Белсенді қызмет үшін» Nur Otan партиясының төс белгісімен, «Құрмет» орденімен (2023 ж.), Елбасының және ҚР Президентінің алғыс хаттарымен, облыстық мәслихаттың грамоталарымен марапатталған.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы.
42 жыл бұрын (1983) Астана қаласының Әділет департаменті басшысы Арман Серікұлы АҚЫЛБАЙ дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, «Фемида» заң академиясын бітірген.
Еңбек жолы: 2004-2005 жылдары Қарағанды көлік прокурорының көмекшісі, 2005-2006 жылдары Қарағанды облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, 2006-2007 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, 2007-2008 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының кадр және ішкі қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, 2008-2009 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, ҚР Жоғарғы Сотының заң бөлімінің бас консультанты, 2009-2015 жылдары Астана қаласының № 2 аудандық сотының судьясы, 2015-2019 жылдары Астана қаласының № 2 аудандық сотының төрағасы, 2019-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің сарапшысы қызметтерін атқарды.
Қазіргі лауазымын 2021 жылдан бері атқарып келеді.
38 жыл бұрын (1987) Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы ӘЛМҰХАНОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. 2008-2010 жылдары Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алды.
Еңбек жолы 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Дін істері бөлімінің маманы ретінде басталды. 2014-2018 жылдары Астана қаласы Дін істері басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды. 2018-2020 жылдары «Астана қаласының әлеуметтік даму басқармасы» ММ Діни бірлестіктермен, миссионерлер және теологиялық оқу орындарымен жұмыс бөлімінің басшысы, 2020-2023 жылдары «Астана қаласының Дін істері басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.