27 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА.ҚазАқпарат -  «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 27 қаңтарда елімізде өтетін маңызды шаралардың тізімін ұсынады.

27 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

14:00-де Mega Silk Way сауда  ойын-сауық орталығында  қазақстандық үздік теннисшілер: Дмитрий Попко (Ұлттық құраманың мүшесі, ITF Futures турнирінің жеңімпазы), Денис Евсеев (Ұлттық құраманың мүшесі, ITF Futures турнирінің жеңімпазы, 2018 жылы Ашхабадта өткен V Азия ойындарының күміс жүлдегері), Тимур Хабибулин (Ұлттық құраманың мүшесі, 2018 жылы Ашхабадта өткен V Азия ойындарының күміс жүлдегері, ITF Futures және ATP Challenger сериялы турнирінің жеңімпазы), Роман Хасанов (Ұлттық құраманың мүшесі, ITF Futures турнирінің жеңімпазы) сияқты спортшылармен шеберлік сабақтары өтеді. Кездесуде, сондай-ақ, теннисшілермен фотосессия және  автограф-сессия ұйымдастырылады.

14:30-да №37 орта мектепте  «Астана! Вместе Ярче! Эко-Фест - No waste» атты алғашқы Эко фестваль өтеді.

16:00-де БАРЫС-АРЕНА  спорт кешенінде ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы мен  Ұлттық Студенттер баскетбол лигасымен бірлесіп, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «20 Жұлдыз» атты екі күндік Баскетбол Фествалін өткізеді.

АЛМАТЫ

09:00 - 14:00  Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында  Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес күніне орай  жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында Ашық есік күні өтеді. Шара барысында әйелдер онколог дәрігерлерге тегін қаралып, кеңес ала алады.