27 қараша. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

27 қараша. БЕЙСЕНБІ
Мьянманың (Бирманың) ұлттық мерекесі.
Ұлттық мереке күні ретінде басқа көптеген елдердегі сияқты тәуелсіздік алу күні емес, 1920 жылы болған студенттердің алғашқы ереуілі өткен күн алынды. 1920 жылы күзде Рангун Университетінің студенттері бастаған алғашқы байкот жарияланды, ол кейіннен ауқымды империализмге қарсы ағымға ұласып, ұлттық мәдениеттің түлеу жолындағы күреске дем берді.
Теңіз жаяу әскерлері күні. Ресейде І Петр патшаның тұңғыш «теңіз солдаттары полкын» (1705 ж.) құру туралы жарлығын есте қалдыру мақсатымен 1995 жылғы 19 қарашада РФ Әскери-теңіз флоты Бас қолбасшысының бұйрығына сәйкес атап өтіледі.
Ресей бағалаушысы күні. 1996 жылғы Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің Қаулысымен «Бағалаушы» (мүлікті бағалау жөніндегі сарапшы) қызметі бойынша кәсіптік сипаттама бекітілген күннен бастап атап өтіледі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
51 жыл бұрын (1963) ұлы жазушы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми-мәдени мекеме ретінде «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы ашылған. Орталық 1951-1961 жылдары Алматыда жазушының өзі тұрған Төлебаев көшесіндегі 155-ші үйде орналасқан. Орталық негізінен, үш бағытта жұмыс жүргізеді: Бірінші бағыты - жазушының өмірі мен шығармашылығы мұрасын жинақтау, оны ғылыми жүйеге түсіріп саралау, жариялау және әуезовтану саласы бойынша жарық көрген еңбектерді жинау. Екінші бағыты - мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино, фото, дыбыс қорларындағы мұраларды ғылыми жүйеге түсіру, көрме ұйымдастыру. Қолжазба қорында 72 мыңнан астам мұрағаттар, сирек кездесетін кітаптар, жазушының күнделіктері мен жолжазбалары, мұрағаттардан жинаған құнды деректер, жеке басы құжаттары, т.б. бар. Үшінші бағыты - М.Әуезовтің азаматтық, шығармашылық құқығын қорғау.
22 жыл бұрын (1992) Алматы облысының Жамбыл ауданында Қарасай батыр атындағы қор мен тарихи-этнографиялық қоғам құрылды.
22 жыл бұрын (1992) Алматы облысының Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында ақын Мұқағали Мақатаевтың мұражайы ашылды.
10 жыл бұрын (2004) Таразда әйелдердің қоғамдық іс-шараларға қатысуы жөніндегі «Демократия іс жүзінде» халықаралық жобаның таныстырылымы өтті. Ұйымдастырушылар - АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен Қазақстан қоғамдық бірлестігі, ЕҚЫҰ Демократия және адам құқықтары жөніндегі бюросы. Жобаны жүзеге асырудағы мақсат - тұрғындарды жергілікті деңгейде шешім қабылдау үдерісіне тарту, жергілікті өкілетті органдар жанындағы қоғамдық комитеттердегі әйелдер рөлін күшейту.
8 жыл бұрын (2006) Ақтауда «Маңғыстау облысының инвестициялық ахуалы мен мүмкіндіктері» тақырыбында тұңғыш Каспий инвестициялық форумы болып өтті. Форумда әлемнің тоғыз елінен ірі еуропалық және азиялық қаржы институттарының топ-менеджерлері, жетекші рейтингілік агенттіктердің, инвестициялық қорлардың, құрылыс-инженерлік компаниялардың өкілдері қатысты. Олардың арасында Қазақстаннан, ТМД елдерінен және алыс шетелдерден жүзден астам компаниялар болды.
7 жыл бұрын (2007) Парижде Қазақстанның Халықаралық сот орындаушылары одағына (ХСОО) орайластырылған мүше ретінде кіру рәсімі өтті.
ХСОО - сот шешімдерін мәжбүрлеп орындатумен айналысатын кәсібилердің халықаралық бірлестігі. Одақ Еуродағының, Гаага конвенциясының, БҰҰ комитетінің мүшесі, оның қатарында әлемдегі 60-тан астам елдің өкілдері бар. Одақтың басты міндеті ? барлық елдердің сот орындаушылары арасында тәжірибе алмасу және кәсіби байланысты нығайту, сондай-ақ сот орындаушысы мәртебесінің мәнділігіне мемлекеттік органдардың назарын аудару.
7 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды.
Олардың біріншісі - «2008-2010 жылдарға арналған Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық мәні бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» Заң республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. Екінші заңмен тауарларды импорттау үшін кеден рәсімдерін жеңілдететін Қазақстан Республикасының Кедендік кодексіне өзгертулер енгізілді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық арасында Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Ықпалдастық комитетінің Қазақстан Республикасының аумағында болу шарттары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойылды.
6 жыл бұрын (2008) Павлодардағы ғалым Федор Бойко (1920-2007) тұрған үйде мемориалдық тақта орнатылды.
Ф. Бойко - қаладағы тұңғыш электр стансасының құрылысы басшыларының бірі, кейіннен осында ашылған Павлодар индустриалдық институтының ректоры болып тағайындалған. Ғалым 25 техника ғылымдарының кандидатын, 3 ғылым докторын, бүгінде облыстың кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген жүздеген мамандар тәрбиелеп шығарған. Оның техника саласында ойлап тапқан жаңалықтары мен патенттері Қазақстан мен Ресейде кеңінен қолданылады.
5 жыл бұрын (2009) Алматыда жылу энергиясының орталық транзитті-бөлу нүктесі ашылды. Бұл нүкте Алматы қаласының 2005-2015 жылдарғы энергия кешенін дамыту негізінде ашылып отыр. Ол сонымен қатар бүгінгі күнннің талабына сай жұмыс істейтін болады. Ғимарат мемлекеттік бюджет пен жеке инвестиция арқылы салынды. Бұл жылу нүктесі қаладағы жылу энергиясын реттеумен қатар, «Орбита» қазандығының жұмысын жақсартып, қаланың оңтүстік бөлігін жылумен еш кідіріссіз қамтамасыз ететін болады.
5 жыл бұрын (2009) Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы (ISESCO) Алматы қаласын - 2015 жылғы Ислам мәдениетінің қаласы деп атауға шешім қабылдады. Бұл жөнінде ISESCO-тің бас директоры Абдель Азиз Ат-Туэйджри Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Бақтияр Тасымовтың кездесуінде хабарлаған. Кездесу Альянс топтарын цивилизациялаудың 3-ші жұмыстары аясында Рабат (Марокко) қаласында өткен.
4 жыл бұрын (2010) «Alem Communication Holding» ЖШС WiMax (4G) төртінші ұрпақ желісін коммерциялық іске қосуы туралы жарияланды. Жаңа технологияның таныстырылымы елордалық «Пекин Палас» қонақүйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің және Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен өтті.
4 жыл бұрын (2010) Бейбітшілік және келісім сарайында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ адами өлшемдер жөніндегі шолу конференциясы ауқымында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім мен ұлысаралық тағаттылықтың қазақстандық моделі» тақырыбында «Сайд-ивент» өткізді.
2 жыл бұрын (2012) Павлодар мемлекеттік университетінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевқа арналған «Жаңа заманның лидері» атты кітап көрмесі ашылды.
2 жыл бұрын (2012) Павлодар облысында қазақтың белгілі жазуышысы Аманжол Шамкеновтің (1927-2004) туғанына 85 жыл толуына арналған мерейтойлық салтанат өтті.
2 жыл бұрын (2012) Қазақстанның Германиядағы елшілігінде ҚР жаңа мемлекеттік мерекесі - Тұңғыш Президент күніне орай «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде» атты «дөңгелек үстел» өтті.
2 жыл бұрын (2012) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне әзірлік және оны өткізу жөнінде Мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды.
2 жыл бұрын (2012) ҚР Ұлттық кітапханасында Валерий Михайловтың «Үлкен жұт хроникасы» кітабының қазақ тіліндегі аудармасының таныстырылымы өтті.
2 жыл бұрын (2012) Алматыда мереке қарсаңында ҚР Тұңғыш Президентінің қоры Махмұд Қашғари атындағы халықаралық қор әзербайжан тілінде шығарған Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабының таныстырылымын өткізді.
2 жыл бұрын (2012) Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұрсұлтан Назарбаев - әлемдік деңгейдегі қайраткер» атты фотокөрме ашылды.
2 жыл бұрын (2012) Астанада ТМД елдері опералық театрлары әншілерінің Достастық-2013 мәдени астанасы - Астана жылының аяқталуына арналған гала-концерті өтті.
2 жыл бұрын (2012) Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РМК-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті. 1 жыл бұрын (2013) Алматы қаласының тарих музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көк тудың желбірегені - Елбасының ерен еңбегі» көрмесі ашылды.
1 жыл бұрын (2013) Парижде Халықаралық көрмелер бюросы 154-ші Бас Ассамблеясында қазақстандық тарап Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге әзірліктің барысын таныстырды.
284 жыл бұрын (1730) Сенат патша әулетінің Мәскеуде болуына байланысты көшелерді жарықтандыру туралы жарлығы шықты. Бұл ортағасырлық Мәскеу қаласының келбетін өзгерткен астананы тұрақты түрде жарықтандырудың бастамасы болдыы.
172 жыл бұрын (1842) М.И.Глинканың «Руслан және Людмила» операсының премьерасы болды.
129 жыл бұрын (1885) құлап келе жатқан метеориттің алғашы фотосуреті жасалды.
ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1950) ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі жанындағы сарапшылар кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі БҰСЫРМАНОВ Жұмабек Дүйсешұлы дүниеге келді.
Павлодар облысы Ертіс ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1976-1978 және 1983-1992 жылдары - Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, доценті, проректоры. 1978-1983 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және құқық институтының аспиранты. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппараты саяси талдау бөлімінің кеңесшісі. 1994-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия хатшылығының хатшысы, меңгерушісі. 1998-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2002 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университетінің мемлекет теориясы, тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы, Заң факультетінің мемлекет теориясы, тарих және құқық, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010-2012 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің Заңнама институтының директоры.
Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы сәуірден бері.
80-нен астам ғылыми еңбегі бар.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалдарымен марапатталған. 2009 жылғы «Ең үздік доцент» байқауының жеңімпазы, «Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері» төсбелгісінің иегері.
52 жыл бұрын (1962) «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының орынбасары БАРМА Ғ АМБЕТОВ Ба қ ытжан Зи яу дин ұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. Мәскеу кооперативтік институтын, РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы аадемиясын бітірген.
Еңбек жолын Батыс Қазақстан темір жолының кәсіпорындарында бухгалтер болып бастады. 1991-1992 жылдары - Батыс Қазақстан темір жолының жұмысшыларды жабдықтау бөлімінде сауда-саттық базасының директоры. 1992-1997 жылдары - «Фриком» ЖШС бас директоры. 1999-2000 жылдары - «ТұранӘлем банкі» ААҚ филиалының директоры. 2000-2001 жылдары - «Қазақойл-Ембі» ААҚ бірінші вице-президенті. 2001 жылы - «Қазақойл» ҰМК активтерді басқару департаментінің директоры. 2001-2004 жылдары - «Наурыз Банк Қазақстан» басқарма төрағасының орынбасары. 2004-2005 жылдары Қазақстанның халық банкі» АҚ-ның РФ-дағы еншіес банкі басқарма төрағасының кеңесшісі, басқарма төрағасы. 2006 жылы -« Фриком» ЖШС бас директоры. 2007-2008 жылдары - Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі, әкімнің орынбасары. 2009-2010 жылдары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі, аумақтық индустрияландыру саясаты департаментінің директоры. 2010-2011 жылдары - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА дирекциясы» ММ директоры. 2011-2012 жылдары - Еуразия Ойл Компани» ЖШС директорының орынбасары.
51 жыл бұрын (1963) ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары МОЛДАШЕВ Амандық Тұрсынұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Целиноград қаржы-экономикалық институтын, Алматы халық шаруашылығы институтын, М.Қозыбаев атындағы солтүстік қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
1982 жылы жылдан - Солтүстік қазақстан облыстық қаржы бөлімінің аға инспекторы. 1984-1990 жылдары - Солтүстік қазақстан облыстық қаржы басқармасында аға экономист, аға тексеруші-инспектор, мемлекеттік кіріс бөлімі бастығының орынбасары. 1990-2000 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық инспекциясында бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, бастықтың бірінші орынбасары. СҚО бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары. 2000-2005 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің СҚО бойынша басқармасының бастығы. 2005-2006 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің СҚО бойынша басқарма бастығы. 2010-2012 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша инспекциясының бастығы.
Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы шілдеден бері.
51 жыл бұрын (1963) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, режиссер, Ресей халық әртісі МАШКОВ Владимир Львович дүниеге келді.
313 жыл бұрын (1701-1744) швед астрономы және метеоролог Андерс ЦЕЛЬ СИЙ дүниеге келді. Оның есімімен температура бағаны аталған.
140 жыл бұрын (1874-1952) көрнекті химик, саясаткер, Израиль мемлекетінің тұңғыш президенті Хаим Ацриэл ВЕЙЦМАН дүниеге келді.
120 жыл бұрын (1894-1989) жапон кәсіпкері, Matsushita Electric Industrial (Panasonic) корпорациясының негізін қалаушы Коносукэ МАЦУСИТА дүниеге келді.
74 жыл бұрын (1940-1973) шығыс жекпе-жегінің шебері, американдық және гонконгтік киноактер Брюс ЛИ (шын аты-жөні - Ли Чжэньфань) дүниеге келді.
67 жыл бұрын (1947) Джибутидің (Африка) саяси және мемлекет қайраткері, елдің екінші президенті Исмаил Омар ГЕЛЛЕ дүниеге келді.
75 жыл бұрын (1939) орыс театр және кино актрисасы, РСФСР халық әрітісі ПОЛЬСКИХ Галина Александровна дүниеге келді.