27 қараша. Тұлғалар туған күн

туған күн
Фото: Kazinform

Бүгін, 27 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

64 жыл бұрын (1959) - «Ордабасы» футбол клубының президенті, Қазақстан футбол федерациясы атқару комитетінің мүшесі, Қазақстан футбол федерациясы әйелдер футбол комитетінің төрағасы Бауыржан Тойшыбекұлы АБДУБАЙЫТОВ дүниеге келді.

1982 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 1982-1983 жылдары Алматы қаласы энергетикалық құрылыс техникумы комсомол комитетінің хатшысы, 1983-1984 жылдары Қазақстан комсомолы Алатау республикасы басқармасының бастығы, 1985-1987 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің студент жастар бөлімінің меңгерушісі, 1987-1989 жылдары ҚР КОКП Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданы бойынша үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, 1990-1996 жылдары Жетісайдағы «Салтанат» кооперативінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Жетісай «БИІК» АҚ президенті қызметін атқарды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

60 жыл бұрын (1963) Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Амандық Тұрсынұлы МОЛДАШЕВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1982 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2004 жылы М.Қозыбаев Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы бөлімінің аға инспекторы лауазымынан бастап, аға экономист, аға тексеруші-инспектор, мемлекеттік кірістер бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс атқарды. 1990 жылдан 2000 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының бөлім бастығының орынбасары, ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап 2015 жылғы қаңтар айына дейін Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығы, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің басқарма бастығы, Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бастығы, ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында еңбек атқарды. 2015-2017 жылдары ҚР бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде Қаржыны басқарудың мемлекеттік аудит бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Экономикалық дамудың мемлекеттік аудит бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Бағалау және сапа бақылауы бөлімі бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарған. 2017-2018 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры қызметін атқарды.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

53 жыл бұрын (1970) Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқару комитеті директорының орынбасары генерал-майор Қанат Орынтайұлы ОРАЗҚҰЛОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 1993 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығы мамандығы бойынша, 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құқықтану факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 1993-1994 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген механикаландырылған орман шаруашылығы кәсіпорны Есік орман шаруашылығының маманы, 1994-1997 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік департаментінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаментінде, 1997-2009 жылдары ҚР Президентінің Күзет қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің сапарлары мен жеке қорғалуын қамтамасыз ету, кадр бөлімдерінде әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдардағы қызмет, 2009-2014 жылдары ҚР Президентінің Күзет қызметі басшысының орынбасары, 2014-2017 жылдары

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің орынбасары, 2018 жылы ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы, 2019-2022 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының аппарат басшысы қызметін атқарды.

2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

51 жыл бұрын (1972) Алматы қаласы мәслихатының депутаты,«Ақпараттық ресурстық орталық» ҚҚ директоры Алтынай Орманғалиқызы КӨБЕЕВА дүниеге келді.

Алматы технология және бизнес институтын бухгалтер мамандығы бойынша, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін саясаттану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1995-1998 жылдары «Алимп» ЖШС есепшісі, 1998-2000 жылдары Ақмола облыстық статистика басқармасында бас қаржыгері, 2000-2005 жылдары «Забота» дағдарыс орталығында бас есепші, 2005 жылдан бастап «Ақпараттық ресурстық орталық» қоғамдық қорының құрылтайшысы, директоры. 2020 жылы «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, ЖТД жөніндегі комиссияның төрағасы

49 жыл бұрын (1974) ҚР Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Бәкірұлы АТАМҚҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған.

Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын, Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық біліктілігін арттыру курстары бітірген.

Еңбек жолы: 2003 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі ТМД істері комитетінің бірінші хатшысы, 2006-2010 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметі басқармасының бастығы, 2010-2014 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметінің бастығы, 2014-2015 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық істер басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2021 жылдары ҚР Президенті Хаттамасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

Ол I дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

73 жыл бұрын (1950-2023) белгілі заңгер, ғалым, құқық қорғаушы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі Жұмабек Дүйсешұлы БҰРСҰРМАНОВ дүниеге келді.

Ол Қазақстанда омбудсмен институтын құру идеясын алғашқы әзірлеушілердің бірі.

Павлодар облысында туған. 1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

Еңбек жолы: 1971-1976 жылдары пионер жетекшісі, орта мектеп мұғалімі, Заң факультеті комсомол комитеті хатшысының орынбасары, 1976-1978 жылдары Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, проректоры, 1978-1983 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық институтында ғылыми стажер, аспирант, 1993-1994 жылдары ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының саяси талдау бөлімінің консультанты, 1994-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Хатшылығының хатшысы, меңгерушісі, 1998- Қазақстан 2002 жылдары ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, 2002-2008 жылдары Қазақ мемлекеттік заң академиясы Алматы заң академиясының мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, 2008-2010 жылдары Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің деканы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, 2010-2012 жылдары «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесінің директоры болған.

Соңғы жаңалықтар