27 қазан. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 27 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь
Коллаж: Kazinform

Юрий ЯКУШЕВ, Алматы қаласындағы М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры

Юрий ЯКУШЕВ
Фото: tl.kz

1962 жылы Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Алматы театр-көркемөнер институтын, ал 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын бітіріп, іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолы: 1988-1993 жылдары М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында актер, 1993-1999 жылдары коммерциялық ұйымдардың басшысы қызметін атқарған.

Театр жұмысын ұйымдастыруда заманауи маркетинг пен жарнама әдістерін қолданады. Театрдың даму бөлімін құрып, корпоративтік стилін қалыптастырған. Сондай-ақ театрдың ресми сайтының жұмысын жолға қойған.

Қазіргі қызметін 1999 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.

Серік ЕРГЕШОВ, Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы

Серік ЕРГЕШОВ
Фото: Gov.kz

1979 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және ҚР ІІМ академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 2000 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-де түрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеген. 2019-2025 жылдары Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары болған.

Қазіргі қызметін 2025 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келеді.

Әсет СҰЛТАНОВ, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Әсет СҰЛТАНОВ
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

1985 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2008 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін жол қозғалысын ұйымдастыру мамандығы бойынша, 2011 жылы осы университетті құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2010 жылы Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде инспектор қызметін атқарған. Кейін «Өскемен-Тәртіп» МКК-де инженер, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман және бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, «ОблШығысЖол» ЖШС директорының орынбасары, сондай-ақ басқарманың өндірістік-техникалық бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.

Қазіргі қызметін 2026 жылдың мамыр айынан бастап атқарып келеді.

Нағи БАҚЫТБЕКОВ, Qazsport телеарнасының директоры

Нағи БАҚЫТБЕКОВ
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолы: 2005-2006 жылдары «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық қозғалысының Қызылорда облыстық филиалын басқарған. 2006-2008 жылдары қозғалыстың республикалық жетекшісі, 2008-2011 жылдары Қазақстан КВН одағының атқарушы директоры қызметін атқарған. 2011-2015 жылдары «Астана қаласының көңілді тапқырлар театры» МКҚК-да әкімші және продюсер, 2015-2018 жылдары KazFootball ақпараттық футбол порталының директоры, 2018-2020 жылдары Қазақстан футбол федерациясының маркетинг департаменті мен PR қызметінің директоры болған.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың маусым айынан бастап атқарып келеді.

Азамат КАРИМОВ, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы

Азамат КАРИМОВ
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

1991 жылы дүниеге келген. 2014 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша, 2022 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік аудит мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2014-2015 жылдары «Қазпошта» Пошталық қызмет» АҚ филиалының Пошталық төлемдер белгісі басқармасының бас маманы ретінде жұмыс жасады. 2019-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында бас маман, 2020-2021 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінде бас сарапшы, 2021-2023 жылдары осы департаменттің басқарма басшысы болған. 2023-2024 жылдары ҚР Үкіметі Аппаратының Экономикалық бөлімінде сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

Қазіргі қызметін 2024 жылғы маусымнан бастап атқарып келеді.

2025 жылғы 24 қазанда «Құрмет» орденімен марапатталған.