27 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 27 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Pixabay

10.00-де «ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде салық саясатының және салықтық әкімшілендіруді жаңғыртудың негізгі тәсілдері мен тұжырымдамалық мәселелері» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.

10.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан музей қызметкерлерінің І конгресі өтеді.

Конгресс аясында «Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы және музей ісі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Өзбекәлі тағылымы» атты көрме, «Музей заттарын қалпына келтіру және жаңғырту» атты семинар-практикум және «Мәдени мұра» журналының 20 жылдығына орай шығармашылық кездесу өтеді.

10.00-де «ЕХРО» халықаралық көрме орталығында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурс өтеді.

Көрмеге «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық үшін үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша 2023 жылғы 180 жеңімпаз компанияның тауарлары ұсынылады.

10.00-де ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК және ҚР Президенттік орталығы «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи үрдістері» тақырыбында II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

10.00-де Astana IT University-де «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жастар ресурстық орталықтары алқасының өткізілуі жоспарлануда. Іс-шараға облыстық, қалалық және аудандық ЖРО басшылары қатысады.

10.00-де «ЕХРО» халықаралық көрме орталығында медициналық техника бойынша «MedTech» ІІІ халықаралық форумы өтеді.

11.00-де Samruk Kazyna Construction компаниясы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы туралы ашық баспасөз-брифингін өткізеді.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының даму жоспары» туралы онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының басшысы Александр Майер. 

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Fасеbook парақшасында тікелей эфирде өтеді. 

14.30-да Назарбаев Университетінің NURIS Инновациялық кластері «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен бірлесіп, кәсіпкер әйелдердің бизнес жобаларының таныстыру байқауын өткізеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Әскерде қызмет еткендерге арналған әлеуметтік жеңілдіктер және білім беру жеңілдіктерін бөлу нәтижелері» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Төлембаева Айгүл Нұралықызы; ҚР Қорғаныс министрлігі Аппаратының басшысы Құмарбекұлы Ербол. 

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.  

15.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Тұрақты және уақытша жұмыс орнына орналасудың оң мысалдары» туралы онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер: Ерлан Жүсіпов - Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары, Олжас Омар - Астана қаласы әкімдігінің еңбек мобильділігі орталығының директоры. 

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Fасеbook парақшасында тікелей эфирде өтеді. 

16.00-де Ұлттық музейде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жұмақын Қайрамбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «IZDER IV: ПЕРІШТЕ ІЗІ» атты топтық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

19.00-де Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын классикалық музыка концертіне шақырады.

19.00-де «Барыс Арена» сарайында «Барыс» (Астана) және «Динамо Минск» (Минск) клубтары арасында қар барысын сақтауды қолдайтын хоккей матчы өтеді. Іс-шара аясында жыл сайын Халықаралық қар барысы күнін мерекелеуге арналған акция жоспарланған.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Театр әлемі» концерт-қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Алтайдан ауған ел» драмасы қойылады.