27 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 қазан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.
10.00-де Партиялық емес байқау орталығының 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президенті сайлауын қоғамдық бақылауға қатысуы мәселелері бойынша брифинг өтеді. Спикер: Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов.
10.00-де КАЗГЮУ университетінде дарындарды басқару – HR студенттерінің бірінші форумы өтеді.
11.00-де «Самұрық-Қазына» Қорының Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтепов баспасөз мәслихатын өткізеді.
11.00-де https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=7735&v=mobile сайтында саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне арналған ұлттық байқауды жүзеге асыру мәселелері бойынша онлайн-семинар өтеді.
11.00-де «Есіл» ауданының полиция басқармасында алаяқтықтың, оның ішінде ақпараттық - телекоммуникациялық ресурстарды пайдалана отырып жасалатын алаяқтықтың алдын алу және ашу тақырыбында брифинг өтті. Спикер: Астана қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Мәдиев.
12.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясының ТМД Атқарушы комитетімен кездесуі өтеді.
12.00-де Қырғызстанның мәдениет күндері аясында «Бастау» атты көрменің ашылуы өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.
Фото: www.istockphoto.com