27 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, жел күшейеді, жекелеген аудандарда тұман түседі және көктайғақ болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

27 қазанға арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғуы мүмкін.