27 қыркүйек. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 27 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
Мұхтар ТІНІКЕЕВ, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары
1963 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтын тау-кен құрылысшы-инженері мамандығы бойынша, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1995-1996 жылдары Қазақстанның нашақорлықпен күрес қауымдастығының вице-президенті болып тағайындалды. 1996-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының, еңбекті қорғау мемлекеттік инспекциясының бас маманы болды. 1999-2002 жылдары «Ариф контрол» ЖШС қауіпсіздік қызметінің бастығы, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің консультанты, 2002-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II-VI шақырылымының депутаты болды, Еуразиялық экономикалық одақтың Парламентаралық ассамблеясының құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. 2017-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Қазіргі қызметін 2020 жылдан бастап атқарып келеді.
Айнұр САТАЕВА, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаментінің басшысы
1966 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986-1987 жылдары «Қостанайэлеватормельстрой» тресінің Комсомол ПМК-202-сінде техник-зертханашы болып бастаған. 1987-1997 жылдары Урицк техникалық түгендеу бюросында түгендеу қызметінің өлшеушісі, техник-түгендеуші, 1997-2001 жылдары Қостанай облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жетекші маманы болды. 2001-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы қызметін атқарды. 2010-2017 жылдары Қостанай облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, 2017-2025 жылдары Қостанай облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарды.
Қазіргі қызметін 2025 жылғы шілдеден бастап атқарып келеді.
Асқар МҰСТАБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
1969 жылы Талдықорған облысының Жетісу кентінде дүниеге келген. Нижегород жоғары зениттік зымыран командалық әуе шабуылына қарсы қорғаныс училищесін, Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің докторантурасын аяқтаған.
Еңбек жолын 1980-1990 жылдары 28042 әскери бөлімі С-300 зениттік зымыран дивизиондары тобы радиолокациялық барлау бөлімшесінің есептобының бастығы, 44813 әскери бөлімінің зениттік-зымырандық дивизионының командирі болып бастаған. Кейінгі жылдары Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басқару органдарында басшылық қызметтер атқарды. 2010-2022 жылдары командалық және басшылық лауазымдарда, әскери бөлім штабының бастығы, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының орынбасары, институт бастығы қызметтерін атқарды. 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәжікстан Республикасындағы әскери атташесі міндетін уақытша атқарды. 2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, бастықтың бірінші орынбасары және университет бастығы қызметтерін атқарды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы қаңтардан бастап атқарып келеді.
Марат МҰХАМЕДСАЛИЕВ, қазақстандық журналист, тележүргізуші және редактор
1973 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Хабар», «Қазақстан», «АстанаТВ» телеарналарында тележурналист, авторлық бағдарламалардың жүргізушісі болып бастаған. 2000 жылы «KazakhОil» ҰМК баспасөз қызметі басшысының орынбасары, 2003 жылы «ҚазМұнайТеңіз» АҚ, 2004-2005 жылдарда «ҚазМұнайГаз» Барлау және өндіру» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 2007-2013 жылдары «KEGOC» АҚ баспасөз хатшысы, 2013-2018 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз хатшысы болды. 2018-2020 жылдары «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ баспасөз хатшысы, 01.2020-04.2021 жылдары «Ғылым қоры» АҚ қоғаммен байланыс саласында қызмет атқарды. 04.2021-07.2023 - «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінің директоры, 2023-2024 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінің жетекшісі болды.
«Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының ресми өкілі.
Жанат МЕКЕЕВА, «Әділет» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы
1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданының Самар ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2009 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды юриспруденция бакалавры біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2016-2022 жылдары денсаулық сақтау, білім беру басқармаларында, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында қызмет атқарды. Шығыс Қазақстан облысының «Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болды. 2022-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысының «Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2023-2024 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы болды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы шілдеден бастап атқарып келеді.
Полымбет ХАСАНОВ, Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
1980 жылы Индер ауданының Индер кентінде дүниеге келген. Қазіргі заманғы гуманитарлық университетінде «Заңгер» мамандығын тәмәмдаған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және басқарудағы бизнес-аналитика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолы: 2002-2005 жылдары Атырау облысы ішкі істер департаментінің жүйесінде қызмет атқарды. 2005-2006 жылдары Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бас маманы, 2006-2010 жылдары Атырау облысы әкімінің бас маманы, бас инспекторы болды. 2010-2014 жылдары аудан әкімі аппаратының басшысы, Мақат ауданы әкімінің орынбасары, 2014 жылы Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары әкім аппаратының басшысы, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2019-2021 жылдары Атырау облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары, 03.2021-11.2023 жылдары Атырау облысы Исатай ауданының әкімі болды. 11.2023-12.2024 жылдары Атырау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2024 жылғы желтоқсаннан бастап атқарып келдеі.
Қазбек ТАШИМОВ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы
1980 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданының Каменка ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы сол университетте «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2002-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тасқала аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы болып бастады.
2005 жылы Тасқала ауданы әкімінің көмекшісі, 2005-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімі аппаратының бас маманы болды. 2007-2008 жылдары Тасқала ауданы әкімі аппаратының бас маман-заңгері, 2008 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша «Мемлекеттік зейнетақы төлемдері орталығы» Тасқала аудандық бөлімшесінің бастығы қызметіне тағайындалды. 2008-2010 жылдары Тасқала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадрлар бөлімінің меңгерушісі, 2010-2011жылдары Тасқала ауданының ветеринария бөлімінің меңгерушісі, 2011 жылы Тасқала ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы болды. 2011-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің басшысы, 2015-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы, 2017 жылы Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы, 2017-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары, 2021-2024 жылдары Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2024 жылғы қарашадан бастап атқарып келеді.
Динара ЩЕГЛОВА, Ғылым және жоғары білім вице-министрі
1982 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2001-2004 жылдары «IT Research Center» ЖШС жобалар менеджері, 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттандыру департаментінің бас маманы, 2006-2008 жылдары «Futurtech халықаралық ақпараттық технологиялар институты» ЖШС бас директорының орынбасары болды. 2008-2011 жылдары IBM компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің сату бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2011-2017 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ инфрақұрылымдық жобаларды мониторингтеу департаментінің бас менеджері, ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры, 2017-2018 «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды. 2018 жылы «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі, 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болды. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, 2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы қарашадан бастап атқарып келеді.