27 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де Astana Hub халықаралық технопаркінде отандық және шетелдік анимация саласының үздік мамандарының қатысуымен KIPD Animation уоркшобы өтеді.
10.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсесінде «KEGOC» АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы және «KEGOC» АҚ SPO» тақырыбында баспасөз брифингі өтеді.
12.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде сауда саясатын дамыту туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.
12.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында белгілі қазақстандық және шетелдік музыканттар халықаралық «ALEM SAZ» фестивалінде өнер көрсетеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астанадағы World Athletics Indoor Tour Gold Label жеңіл атлетика жарысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Интернеттегі алаяқтықпен күресу: негізгі түрлері және алдын-алу» туралы онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Астана қаласы Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дастан Қалиев, Астана қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі басшысының міндетін атқарушы, полиция капитаны Олжас Майтқанов. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.
19.00-де Жастар театрында «Көзіме бір көрінсең бала ғашық» атты сахналық повесі ұсынылады.