27 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 27 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

15 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Бәкірұлы ТІНІКЕЕВ дүниеге келді.

календарь
Фото: kasipodaq.kz

Қарағандыда туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тау-кен инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қарағанды техникалық университетінің техника ғылымдарының құрметті докторы.

Еңбек жолы: 1980-1981 жылдары «Қарағанды көмір» ӨБ № 22 шахтасында электр слесарі, 1981-1983 жылдары әскери қызмет, взвод командирінің орынбасары, Польша Халық Республикасында Солтүстік әскерлер тобы, 1983-1990 жылдары «Қарағанды көмір» ӨБ «Киров» шахтасының № 4 учаскесінде тазалау кенішінің тау-кен жұмысшысы, 1990-1993 жылдары ХІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болды. 1994-1995 жылдары ХІІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 2002-2004 жылдары ІІ сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2004-2007 жылдары ІІІ сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2007-2011 жылдары ІV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2012-2016 жылдары V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2016 жылы VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

«Парасат», «Құрмет», т.б. орден-медальдармен марапатталған.

51 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты баспасөз қызметінің басшысы Марат Охапұлы МҰХАМЕДСАЛИЕВ дүниеге келді.

календарь
Фото: sud.gov.kz

Шымкент қаласында туған. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.


БАҚ және PR саласында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр жылдары «Хабар», «Қазақстан», АстанаТВ телеарналарында жаңалықтар мен талдау бағдарламаларының редакторы, жүргізушісі болды. 2000 жылы «Kazakhoil» ҰМК Баспасөз қызметі басшысының орынбасары, 2003 жылы «ҚазМұнайТеңіз» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры, 2004-2005 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-да қызмет атқарды.

2007-2013 жылдары «KEGOC» АҚ баспасөз хатшысы, 2013-2018 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ , 2018-2020 жылдары «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ компанияларында баспасөз хатшысы қызметінде болды. 2020-2021 жылдары «Ғылым қоры» АҚ қоғаммен байланыс саласында жұмыс істеді. 2021-2023 жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарған.

Қазіргі лауазымын 2023 жылдың шілде айынан бері атқарып келеді.

42 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы ЩЕГЛОВА дүниеге келді.

календарь
Фото: primeminister.kz

Семей қаласында дүниеге туған. 2004 жылы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша, 2007 жылы - Қазақ экономикалық университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша, 2011 жылы - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2004-2006 жылдары ҚР Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің жобаларды басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап "Зерде "ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-да инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері лауазымында жұмыс істей бастады, кейін ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды. 2017 жылы Басқарушы директор лауазымына тағайындалды, содан кейін "Зерде "ҰАХ"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2018-2019 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметін атқарған. 2019-2020 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, 2020-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметіне 2023 жылғы 27 қарашада кірісті.

38 жыл бұрын (1986)Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Қажахметұлы БАЙҚОҢЫРОВ дүниеге келді.

календарь
Фото: Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы

2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «заңтану» мамандығын бойынша, 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Заң ғылымдарының магистрі» мамандығын бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2010-2011 жылдары ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының іс жүргізушісі, 2011-2015 жылдары ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының кадр және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маман-заңгері, 2015 жылы ҚР ҚМ ҚФ Алматы қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының № 4 бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушы-ревизоры, 2015-2016 жылдары ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының № 4 бақылау бөлімінің басшысы, 2016-2017 жылдары ҚР ҚМ ІМАК Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Мемлекеттік сатып алу аудиті бөлімінің басшысы, 2017-2018 жылдары ҚР ҚМ ІМАК Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің № 2 мемлекеттік сектор аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы, 2018-2019 жылдары Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2019 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.