27 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 27 қыркүйек тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
62 жыл бұрын (1961)«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» басқарушы директоры, басқарма мүшесі Төлеген Қабыкенұлы ЗАКАРЬЯНОВ дүниеге келді.
Ақмола облысының тумасы.
Қарағанды мемлекеттік университетінде (құқықтану, 1983), С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінде (экономика, 2006) білім алды. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1983-1985 ж.ж. Кеңес әскерінің қатарында борышын өтеді. 1983-1991 ж.ж. ІІМ және Прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті. 1991-2002 ж.ж. коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдар атқарды. 2002-2007 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі. 2007-2008 ж.ж. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2008-2010 ж.ж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2009-2010 ж.ж. «Ертіс» ӘКК»ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 2010-2012 ж.ж. «Москворецкое» ЖШС бас директоры. 2012-2013 ж.ж. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары. 2013-2014 ж.ж. – Петропавл қаласының әкімі. 2014-2015 ж.ж. «Москворецкое» ЖШС бас директоры. 2015 ж. Қазақстан Республикасы Парламенті шаруашылық басқармасының «Автошаруашылық» РМК директоры. 2015 ж. «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы. 2015-2018 ж.ж. «Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы. 2018-2019 ж.ж. Астана қаласы Есіл ауданының әкімі. 2019 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары – «Москворецкое» ЖШС Астанадағы аймақтық директоры. 2019 ж. желтоқсаннан бастап – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» басқарма мүшесі, басқарушы директор.
2003 ж. «Ерен енбегi үшiн» медалімен, 2015 ж. «Құрмет» орденімен, 2018 ж. «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.
55 жыл бұрын (1968) Қазақстанның қоғам қайраткері, «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры («Еуразия бірінші арнасы» телеарнасы) Сергей Владимирович КИСЕЛЕВ дүниеге келді.
Томск қаласында туған. Красноярск әуе қорғанысы радиоэлектроника жоғары әскери училищесін (1989), «Әділет» жоғары заң мектебін (1996) бітірген.
Еңбек жолы: «Цесна-Сайран» ЖШС бас директорының орынбасары (1994-1996); «ЮрИнфо Компани» ЖШС «Заңгер» директоры (1996-2004); Судьялар одағының хатшысы (2001-2002); Құқықтық мәдениетті қалыптастыру қорының директоры (2003 жылдан); ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (2004-2007), «Еуразия бірінші арнасы» ЖШС бас директоры (2007-2010) ).
Қазіргі қызметін 2012 жылдың тамызынан бері атқарып келеді.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
47 жыл бұрын (1976) Астана қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Руслан Рахметұлы СЕГІЗБАЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2008 жылы Еуразия нарық институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1999-2007 жылдары – ҚР Статистика агенттігінің Ауыл, орман және су шаруашылығы басқармасы бөлімінің жетекші маманы. 2007-2009 жылдары – ҚР Статистика агенттігі ұлттық есеп жүргізу департаменті экономикалық баланс және құрылымдық статистика басқармасының құрылымдық статистика бөлімінің бастығы. 2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Тіркелімдер және сыныптамалар департаменті әлеуметтік есепке алу бөлімінің бас маманы. 2012-2013 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының сарапшысы. 2014-2014 жылдары – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі. 2014-2016 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қаржы есебі және статистика жөніндегі директордың орынбасары. 2016-2017 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры. 2017-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Кадрлық менеджмент және стратегия департаментінің директоры.
Қазіргі қызметінде 2018 жылдың қарашасынан бастап.
41 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бұрынғы вице-министрі Динара Ринатқызы ЩЕГЛОВА дүниеге келді.
Семей қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, халықаралық құқық (2004); Қазақ экономикалық университеті, менеджмент (2007); Қазақ экономикалық университеті, ақпараттық жүйелер (2011).
Еңбек жолы: «IT Research Center» ЖШС жоба менеджері (2001-2004); ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде ақпараттандыру департаментінің жетекші маманы (2004-2006); «Futurtech халықаралық ақпараттық технологиялар институты» ЖШС бас директорының орынбасары (2006-2008); IBM компаниясының Қазақстандағы өкілдігінде сату бөлімінің басшысы (2008-2011); «Ұлттық инфокоммуникациялық Холдинг» АҚ ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры, инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері; «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарушы директоры (2017-2018); «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі (01.2018-06.2018); ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі (2018-2019); ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі 2019-2020). ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі (2020-2023).
37 жыл бұрын (1986) Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Қажахметұлы БАЙҚОҢЫРОВ дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін 2008 жылы «заңтану», 2010 жылы «Заң ғылымдарының магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 12.07.2010 - 31.03.2011 ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының іс жүргізушісі.
25.04.2011 - 03.02.2015 ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының кадр және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маман-заңгері.
04.02.2015 - 24.08.2015 инспекцияның № 4 бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушы-ревизоры қаржы бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
25.08.2015 - 27.06.2016 инспекцияның № 4 бақылау бөлімінің басшысы қаржы бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
28.06.2016 - 10.08.2017 қала бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Мемлекеттік сатып алу аудиті бөлімінің басшысы Алматы ҚР ҚМ ІМАК.
11.08.2017 - 01.06.2018 Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің № 2 мемлекеттік сектор аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудитор ҚР ҚМ ІМАК, Алматы қаласы.
01.06.2018 - 12.02.2019 Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Алматы қаласы.
Қазіргі қызметін 2019 жылдан бері атқарып келеді.