27 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 27 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

27 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

27 қыркүйек, СЕНБІ

Халықаралық туризм күні. Бүкіләлемдік туристік ұйымдар Бас Ассамблеясының шешімімен жыл сайын атап өтіледі (Манила, 1980 жыл).

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1 4 жыл бұрын (2000) РАТА-ТАСС агенттігі мен «Қазақстан Интерпресс» қоғамдық қоры «Қазақстан-ТАСС» агенттігін құрды.

Бұл шешім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылдың ақпан айындағы Мәскеуге ресми сапары кезінде РАТА-ТАСС агенттігінің өкілдерімен жасаған келісім негізінде қабылданған болатын.

«Қазақстан-ТАСС» агенттігінің басты мақсаты Қазақстанның әлеуметтік, экономикаық саяси өмірі және Ресеймен жан-жақты қарым-қатынастарын насихаттауда ақпарат алмасу жұмыстарын белсендендіру және тереңдету болып табылады.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды тереңдету мақсатында құрылған Қазақстан-Германия кәсіпкерлері қауымдастығының таныстырылымы болды.

Қауымдастықтың негізгі міндеттері мемлекеттік бақылаушы органдар алдындағы өз мүдделері мен құқықтарын қорғау болып табылады.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда Ә.Қастеев атындағы мұражайда контемпорари арт (Қазақстанның қазіргі заманғы өнері) атты жаңа залы ашылды.

Залда әлемдік деңгейдегі арт-алаңдарында елімізді көрсететін барлық қазақстандық авторлардың жұмыстары жиналған. Жаңа залда мүсіндер, картиналар, суреттер қойылған. Авторлардың көптеген жұмыстарында Орталық-Азияның әлеуметтік-саяси ортасы бейнеленген.

9 жыл бұрын (2005) Астанадағы Жамбыл атындағы №4 мектеп-гимназияда жас туристер стансасы ашылды.

8 жыл бұрын (2006) Алматы облысы Іле ауданындағы Первомай кентінде Қазақстандағы алғашқы инфузиялық ерітінділер шығаратын зауыттың таныстырылымы болды. Инфузиялық ерітінділер стратегиялық маңызды дәрі-дәрмек қатарына жатады. Олар ауруханаларда күн сайын үлкен көлемде пайдаланылады. Сондай-ақ түрлі эпидемиялар, табиғи және техногендік сипаттағы апаттар мен соғыс қимылдары кезінде де оған деген сұраныс еселеп арта түседі. Халықаралық медициналық зерттеулерге қарағанда бір адамға жылына орта есеппен екі литр инфузиялық ерітінділер керек. Қазіргі таңда олардың 90 пайызы шет елдерден әкелінеді.

8 жыл бұрын (2006) Германияның Баден-Вюртемберг жерінде, Вальдбрунн-Мюльбен қаласында Қазақстан Елшілігі жергілікті қымыз өндіруші фермамен бірлесіп, Германиядағы қазақ диаспорасы мен Қазақстаннан көшіп барған отандастарымыздың белсенді атсалысуымен «Қымыз мерекесін» өткізді. Шара аясында мерекелік қойылымдар ұйымдастырылып, қымыз мерекесіне арнайы келген қонақтардың алдында Кельн және Бавария қалаларындағы қазақ диаспорасының көркемөнерпаз әртістері өнер көрсетті. Мереке қонақтары қазақтың киіз үйімен, домбыра аспабымен, ұлттық дастарқан мәзірімен және Германиядағы қымыз өндірісінің басталу тарихымен, қымыздың емдік қасиеттерімен танысты.

7 жыл бұрын (2007) Алматыда «Абай жолы» романының орыс тіліндегі жаңа аудармасының таныстырылымы болып өтті.

Қазақстанда туған және қазақ әдебиетімен жете таныс, сондай-ақ Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбай, Оралхан Бөкей мен Төлен Әбдіктің шығармаларын сәтті аударып, мол тәжірибе жинақтаған есімі әлемге әйгілі жазушы Анатолий Ким бұл аудармаға үлкен дайындықпен келді.

7 жыл бұрын (2007) Павлодарда ақын, қаланың құрметті азаматы, аудармашы әрі драматург Аманжол Шамкеновтің (1927-2004) құрметіне мемориалдық тақта ашылды.

Ондаған кітап пен поэзиялық жинақтардың авторы Аманжол Шамкенов 1927 жылы Павлодарда дүниеге келді. Қазақ мемлекеттіқ университетін бітірген. Оның «Студент сыры» атты тұңғыш жинағы 1951 жылы басылып шықты. Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері мемлекеттік комитеті көркем әдебиет редакциясында, «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында жемісті еңбек етті, көптеген жылдар Қазақстан жазушылары одағында балалар әдебиеті секциясына басшылық етті. Сондай-ақ, ол «Үнді әуендері» өлеңдер топтамасы үшін Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері.

7 жыл бұрын (2007) Семейде Қазақстандағы бірінші автобус құрастыру зауыты - «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» ЖШС ашылды.

ЕСІМДЕР

10 9 жыл бұрын (1905-1985) ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ИВАНОВ Всеволод Вячеславович дүниеге келді.

Украинаның Одесса облысында туған. Одесса мемлекеттік университетін бітірген.

1933-1984 жылдары Орал педагогикалық институтының оқытушысы, кафедра меңгерушісі болған.

Негізгі ғылыми еңбектері ботаника мәселелерін зерттеуге арналған. Каспий теңізінің солтүстігінде өсетін өсімдіктерді зерттеп, олардың биология, экология және шаруашылықта пайдаланылуы жөнінде анықтамалар жазып, осы өлкенің флорасы туралы анықтамалық кітап шығарған. «Степи Западного Казахстана в связи с динамикой их покрова» атты шығарманың авторы.

Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

8 8 жыл бұрын (1926-1999) жазушы, Қостанай қаласының құрметті азаматы ШӘКІБАЕВ Серік дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында істеген. Қостанай қалалық партия комитетінің мүшесі, Халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты болып сайланған. 1983 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы әдеби кеңесшісі болған.

Жазушының «Үлкен Түркістанның күйреуі», «Көтеріліс», «Төтенше комиссия» романдары, т.б. шығармалары бар.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

7 6 жыл бұрын (1938) экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері МАМЫРОВ Нұрғали Құлшыманұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспирантурасын бітірген. 1966-1987 жылдары Алматы халық шаруашылық институтының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, проректоры, ректоры қызметтерін атқарған. 1987-1988 жылдары - Тәжік экономика және ауыл шаруашылығы басқару ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1992-1993 жылдары - Республикалық «Мемсәулетқұрылыс» басқарушы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институтының ректоры. 1993-1994 жылдары - Алматы технологиялық институтының ректоры. 1994-2001 жылдары - Қазақ мемлекеттік басқару академиясының ректоры. 2001-2005 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің ректоры болған.

«Парасат», «Халықтар достығы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1954) американдық бағдарламашы, лингвист және Perl тілін жасаушы Ларри УОЛЛ дүниеге келді.

5 6 жыл бұрын (1958) Алматыдағы Ислам университетінің ректоры АЛСАБЕКОВ Хұсайын Османұлы дүниеге келді.

Балқаш қаласында туған Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген, ғалым-агроном. 1987-1988 жылдары - Алматы мешітінің имамы. 1988-1989 жылдары - Алматы мешітінің наиб-имамы. 1989-1990 жылдары - Сирияда және Пәкістанда оқыды. 1990-91 жылдары - Қазақстанның наиб-мүфтиі, Алматыдағы Ислам университетінің ректоры. 1991-1993 жылдары - Шешен Республикасының президенті Дж.Дудаевтың кеңесшісі, дін істері жөніндегі министр, Кавказ халықтары Жоғарғы діни кеңесінің үйлестірушісі. 1993-1995 жылдары ШР мұсылмандары діни басқармасының басшысы - Ичкерия мұсылмандары мүфтиі. 2003 жылдан - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат, фатуа және мешіт істері бөлімінің меңгерушісі. 2004 жылдан бастап ҚМДБ төрағасының орынбасары - фатуа бөлімінің меңгерушісі.

5 3 жыл бұрын (1961) Петропавл қаласының әкімі ЗАКАРИЯНОВ Төлеген Қабыкенұлы дүниеге келді.

Астана қаласында туған. 1983 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiн «құқықтану» мамандығы бойынша, 2006 жылы С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттiк агротехникалық университетiн «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты болып табылады.

Еңбек жолын 1983 жылы Целиноград облыстық халық депутаттары Кеңесi атқарушы комитетi iшкi iстер басқармасының Совет АIIБ тергеушiсi болып бастады. Көкшетау облыстық халық депутаттары Кеңесi атқарушы комитетi iшкi iстер басқармасының аса маңызды iстер жөнiндегi тергеушiсi, аға тергеушi, Көкшетау қаласы прокуратурасының аға тергеушiсi, прокурорының көмекшiсi болып жұмыс iстедi. 1991-2002 жж. - коммерциялық бөлiмшелерде басшылық лауазымдарын атқарды. 2002-2007 жж. - Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкiмi. 2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк инспекторы. 2008-2010 жж. - Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi өңiрлiк дамыту Комитетi төрағасының орынбасары. 2010-2012 жж. - «Москворецкое» ЖШС бас директоры лауазымын атқарды. 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi болды. 2013 жылғы 6 мамырдан Петропавл қаласының әкiмi болып тағайындалды. «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен марапатталған. 5 1 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі ТІНІКЕЕВ Мұхтар Бәкірұлы дүниеге келді.

1963 жылы Қарағандыда туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тау-кен инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қарағанды техникалық университетінің техника ғылымдарының Құрметті Докторы. 1980 - 1981 жылдар аралығында - «Қарағанды көмір» ӨБ № 22 шахтасында электр слесарь, Қарағанды қаласы. 1981 - 1983 жылдар аралығында - әскери қызмет, взвод командирінің орынбасары, Польша Халық Республикасында Солтүстік әскерлер тобы. 1983 - 1990 жылдар аралығында - «Қарағанды көмір» ӨБ «Киров» шахтасының № 4 учаскесінде тазалау кенішінің тау-кен жұмысшысы, Қарағанды қаласы. 1990 - 1993 жылдар аралығында - ХІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты. 1994 - 1995 жылдар аралығында - ХІІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2002 - 2004 жылдар аралығында - ІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2004 - 2007 жылдар аралығында - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007 - 2011 жылдар аралығында - ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылғы қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Құрмет», «Достастық» (ТМД), ІІІ және ІІ дәрежелі «Шахтерлік Даңқ» ордендерімен; «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев екі рет жеке алғыс жариялаған.

4 6 жыл бұрын (1968) «Еуразия+ОРТ» ЖШС бас директоры КИСЕЛЕВ Сергей Владимирович дүниеге келді.

Том қаласында (РФ) туған. Краснояр әле қорааанысынан қорғану радиоэлектроника жоғары әскери училищесін, радиотехнкалық құралдарды пайдалану инженері, «Әділет» құқық жоғары мектебін бітірген, заңгер. 1994-1996 жылдары «Цесна-Сайран» ЖШС бас директорының орынбасары. 1996-2004 жылдары - «Юрист» ЖШС , «ЮрИнфо компаниясы» ЖШС директоры. 2001-2002 жылдары - Соттар одағының хатшысы. 2003 жылдан - Құқықтық мәдениетті қалыптастыру қорының директоры. 2004-2007 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007-2010 жылдары - «Еуразия» бірінші арнасы» ЖШС бас директоры.

Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы тамыздан бері.

«Қазақстан Коснтитуциясына 10 жыл», Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

3 7 жыл бұрын (1977) Запашныйлардың цирк әулетінің төртінші ұрпағы өкілі, Ресей халық әртісі ЗАПАШНЫЙ Аскольд Вальтерович дүниеге келді.