27 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.
9.00-де «Бәйтерек» бизнес-орталығында «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысы басталады.
10.00-де Қазмедиа орталығында Өңірлік БАҚ форумы - 2018 ашылады.
10.00-де ҚР Парламентінің Сенатында жоғарғы палатаның кезекті отырысы өтеді.
10.00-де жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру және проблемалық мәселелерін шешу бойынша жеке сот орындаушылардың кезектен тыс съезі өтеді.
11.00-де Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, «Astana» ӘКК ҰҚ» АҚ және Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «Астана қаласында шағын және орта бизнесті дамыту» тақырыбында брифинг өтеді.
11.30-да «Қазақстан әуе индустриясы» ЖШС базасында су жаңа Y8F200W әскери-көлік ұшағының таныстырылады.
11.30-да «Wyndham Garden Astana» қонақ үйінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасын» іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен «Бес әлеуметтік бастаманы» іске асыруды бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің үшінші отырысы өтеді.
15.00-де Astana EXPO аумағында «Жылдың үздік жас кәсіпкері» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.
15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Орталық сайлау комиссиясы мен Қоғамдық даму министрлігінің бірлескен отырысы өтеді.
15.50-де Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде «АСТАНА-1» ақпараттық жүйелерін енгізу арқылы халықаралық сауданы жеңілдету» тақырыбында брифинг өтеді.
АЛМАТЫ
9.30-да «Нұр Отан» партиясының «Төменгі сынып оқушылары үшін денсаулық сабақтары» жобасы аясында № 148 мектеп-гимназиясында оқушылармен кездесу өтеді.
9.30-да ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясында ТМД мемлекеттерінің шекаралық ведомстволары арасында Самбо күресінен чемпионат өтеді.
11.00-де ҚР Ұлттық банкінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев баспасөз мәслихатын өткізеді.
11.00-да «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында ескі кассалық аппараттарды онлайн кассаларға ауыстыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
12.00-де Қазақстан Баспасөз клубында Алматы шағын футбол лигасының 15 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
ШЫМКЕНТ
10.00-де «Канвас» қонақ үйінде 061 бюджеттік бағдарлама аясында «Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу» тақырыбында аймақтық (салалық) семинар өтеді. Шараға Түркістан облысы мен Шымкенттің 100-ден астам мемлекеттік органдардың және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысады.