22:30, 26 Мамыр 2023 | GMT +5
27 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Астанадағы «Отан Ана» монументі жанындағы алаңда Қарулы күштердің 200 жас сарбазы Отан алдында адал болуға ант береді.
18.00-де Astana Opera театрында «Травиата» операсы қойылады.
19.00-де Қазақстан Орталық концерт залында «Ne prosto orchestra» ансамблі кезекті концертін өткізеді.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қыз жиырмаға толғанда» мелодрамасы қойылады.