21:40, 26 Маусым 2024 | GMT +5
27 маусым күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 27 маусым күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
10.00-де ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агентті Ұлттық жекешелендіру кеңсесінің алғашқы отырысын өткізеді.
10.00-де Сенат Парламентінің отырысы өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде
««Бекіре-2024», «Уылдырық шашу» кең ауқымды балық қорғау акцияларының қорытындылары» атты баспасөз конференциясы өтеді.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан тарихындағы алғашқы радиофармпрепараттарды авиатасымалдау» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Қазақстан фармацевтерінің алғашқы слеті өтеді.