27 мыңнан астам ауыл тұрғыны «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» және «Өрлеу» жобасына қатыспақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 мыңнан астам ауыл тұрғыны «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына және «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

««Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын түсіндіру жөніндегі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жұмылдыру топтары жұмысының нәтижесі бойынша ағымдағы жылғы 16 наурыз және 22 шілдеаралығында 27 мың 108 адам «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына және «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірді («ЖҚЖК 2020» - 20мың 984 адам, «Өрлеу» - 6 мың124)», делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 1-22 шілде аралығында мобильдік топтар 620 ауылдық елді мекенде тұратын жұмыссыз және өздігінен өнімсіз еңбекпен шұғылданған 93,6 мыңнан астам тұрғынды қамтыды. Олардың 34,5 мыңы жұмыссыз, 59,1 мыңы - өздігінен жұмыспен қамтылғандар. Ең көп қамтылған ауылдық елді мекендер келесі өңірлерде байқалады: Оңтүстік Қазақстан облысы - 141, Солтүстік Қазақстан облысы - 121, Алматы облысы - 90. Ең жоғары көрсеткіштер келесі өңірлерде байқалады: Оңтүстік Қазақстан облысында - 4 мың 852 мың адам, Қызылорда облысында - 1 мың 256 адам, Қарағанды облысында - 1 мың 203 адам «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдірді. Бұрын хабарланғандай, жалпы Қазақстан бойынша құрамында 441 қызметкер бар 178 жұмылдыру топ құрылған болатын. Бастапқыда жұмыссыздықтың деңгейі жоғары, аз қамтылған, өздігінен жұмыспен шұғылданатын тұлғалар, сондай-ақ «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуы төмен болған 181 ауданның 404 ауыл тұрғынын қамту жоспарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар