27 наурыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

маңызды іс-шара
Фото: Kazinform

Kazinform агенттігі елімізде 27 наурызда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА

10:00-де ҚР Энергетика министрлігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Қазақстанның энергетикалық аспектілері» орталығының мұрындық болуымен «Сутегі энергетикасы: болашағы, Қазақстанның сутегі энергетикасы тұжырымдамасын іздеу» атты дөңгелек үстел басталады.

11:00-де - ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы.

11:00-де Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында шегілмейтін темекі өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салатын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің нормалары түсіндіріледі.

11:00-де - «Әділетті Қазақстан-Жауапты азамат-Прогрессивті ұлт» тақырыбында Қазақстанның Азаматтық альянсы кеңесінің кеңейтілген отырысы.

12:00-де - Астанадағы «Арғымақ» ат спорты сауықтыру кешенін цифрландыру жүйесі туралы» баспасөз конференциясы.

12:00-де - Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Елордадағы су тасқыны кезеңі» тақырыбында баспасөз конференциясы.

14:30-да - ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ ұйымдастыруымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған дөңгелек үстел өтеді.

14:30-да Мәжілісте ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша жаңа заң жобасының таныстырылымы өтеді.

Соңғы жаңалықтар