27 НАУРЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 27 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

27 НАУРЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

27 НАУРЫЗ, БЕЙСЕНБІ

Халықаралық театр күні. 1962 жылдан бастап жыл сайын атап өтілетін бұл атаулы күнді 1961 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының Венада өткен 9-ші конгресі бекіткен болатын.

Ресей ІІМ Ішкі әскерлері күні.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

8 4 жыл бұрын (1930) Жетісудың Лепсі, Ақсу аймағы қазақтарының Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатына карсы көтерілісі болды. Олардың қатары ресми деректерде 1000 адамға дейін жеткен. Көтерілісті Егеубек Жанбайұлы, Қалдыбай Қылиұлы және Ғали Сатырбайұлы басқарды. 27 наурыз күні көтерілісшілер Ақсу елді мекенін басып алып, мемлекеттік мекемелерді өртеді, телеграф бағаналарын қиратты. ОГПУ органдары көтерілісті басу үшін 25 адамдық жасақ аттандырды. Қару-жарағы жеткіліксіз көтерілісшілер өкімет әскерімен қақтығыста ойсырай жеңіліп, Балкаш қаласы маңындағы Жаман Жамал, Күшікжан секілді бұйрат-құм шоғырларын, жыңғылды мекендерді тасалап жүрді. Көтерілісшілердің соңдарына түскен атты әскер оларды құм ішінде қырғынға ұшыратты.

2 2 жыл бұрын (1992) «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры құрылды. Қорды құрушы және жетекшісі Қазақстанның бірінші ханымы - Сара Алпысқызы Назарбаева.

2 2 жыл бұрын (1992) Алматыда - ТМД елдері Жоғарғы Кеңестері төрағаларының консультативті кеңесі болды.

1 4 жыл бұрын (2010) Алматыда КСРО және Қазақ КСР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты «театрдың анасы» атанған Сәбира Майқанованың құрметіне мемориалдық ескерткіш тақта ашылды

Ескерткіш тақта қазақтың ұлы актрисасы соңғы жылдары тұрған үйінде қойылды.

Сәбира Майқанова 1914 жылы қаңтар айының 1-інде Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келді. Халық әртісі Отан алдындағы еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 1932 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында өнер көрсетті. 1967 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 1970 жылы КСРО халық артисі атағын алды. Сахна төрінің шебері - Сәбира Майқанова 1995 жылы ақпан айының 14-інде дүниеден өтті.

1 2 жыл бұрын (2002) ҚР ІІМ Кинология орталығы құрылды.

1 1 жыл бұрын (2003) Батыс Қазақстан облыстық жастар қауымдастығы құрылды. Бүгінгі таңда оның құрамына 26 жастар ұйымы кіреді.

8 жыл бұрын (2006) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігінің сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ-ның Төрағасы Карл де Гюхтты Ақордада қабылдады. Сондай-ақ Астанада өзінің Қазақстандағы Бельгия Елшілігінің ашылуына қатысқанын айта келе, Елшілік бұдан былайғы уақытта Бельгия мен Қазақстанның арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үлес қоса беретіндігін жеткізді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін Бельгия Корольдігі 1991 жылғы желтоқсанның 31-інде мойындады.

1992 жылғы тамыздың 25-інде дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

7 жыл бұрын (2007) астанамыздағы «Окан Интерконтиненталь» қонақ үйінде Маңғыстау облысындағы туризм саласын дамытуға арналған «Кендірлі» жобасының таныстырылымы болып өтті.

Жоба аясында Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалыс аймағында 10 мың адам тыныға алатын курорт ашу жоспарланған. Жылдың 6 айында жайлы ауа райы тұратын бұл жерде 6 ірі туристік және ойын-сауық кешендерін салу көзделген. Теңіз жағалауында бес жұлдызды отельдер орналасса, оның қасында гольф алаңдары болмақ.

Каспий теңізі аумағында туризм саласын дамыту бастамалары мемлекеттік бағдарламада халықаралық маңызы бар жобалар ретінде белгіленген.

7 жыл бұрын (2007) Алматыда MediaNet Халықаралық журналистика орталығы «Парламенттік журналистика. Қазақстан мен Ұлыбритания тәжірибесі» атты кітаптың таныстырылымын өткізді. Жаңа тәжірибелік қолдау материал Ұлыбритания Елшілігі мен Британ кеңесінің қолдауымен Қазақстан мен Қырғызстандағы парламенттік журналистиканы дамыту жобасы аясында жарық көріп отыр.

Оның авторлары - өз елдерінің парламент жұмыстарын үнемі баспасөз беттерінде жариялап отыратын қазақстандық және британдық тәжірибелі журналистер.

Кітап «Қазақстандық тәжірибе» және «Британдық тәжірибе» атты екі бөліммен тұрады.

12 1 жыл бұрын (1893) әлемде алғашқы «Александр Белл» атты телефон компаниясы жұмыс істей бастады.

ЕСІМДЕР

10 8 жыл бұрын (1906-1981) актриса, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі ШАМОВА Мәлике Бұрханқызы дүниеге келді.

Орал қаласында туған. Өнер жолын 1917 жылы Орал қаласында татар труппасынан бастаған. 1922-1926 жылдары Орал, Семей қалалық театрларында өнер көрсеткен. 1928-1954 жылдары Алматыдағы Қазақ драма театрының актрисасы болған. Ол театр сахнасында Жүзтайлақ, Назым (М.Әуезов «Түнгі сарын», «Сын сағатта»), Зейнеп (М.Әуезов, Л.Соболев «Абай»), Эмилия (У.Шекспир «Отелло»), т.б. рөлдерді ойнаған.

100 жыл бұрын (1914-1967) актриса, режиссер, Қазақстанның халық әртісі ХАЙРУЛЛИНА Ғайни дүниеге келді.

Атырау облысының Құрманғазы ауданында туған. Санкт-Петербордың (Ленинград) мемлекеттік сахна өнері техникумын, Театр, музыка және кинематография институтының Қазақ студиясын, Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітірген. 1938-1961 жылдары Шымкент облыстық қазақ драма театрының актрисасы, режиссері, бас режиссері қызметтерін атқарған. 1947-1949 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жағын басқарған. Бұл театрларда ұлттық драматургиядан М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыланды» мен «Қарагөз», С.Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты», сонымен қатар классикалық туындылардан К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметкер», Балзактың «Өгей шеше», Н.Гогольдің «Ревизор», А.Островскийдің «Жазықсыз жапа шекккендер», тағы басқа драматургтердің пьесаларын қойып, өзі Қарлыға, Жүзтайлақ, Назым (М.Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Түнгі сарын», «Сын сағатта»), тағы басқа рөлдерді сомдады. Шымкент облыстық қазақ драма театрында классикалық шығармаларды қоюда көп еңбек сіңірді. Көбіне орындайтын кейіпкерлерінің мінез кереғарлығын, драмалық бояуын баса көрсетуге ұмтылу, оның актерлік өнеріне тән сипат болатын. 1961-1964 жылдары қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының бас режиссері болды. 1964 жылдан Алматы мемлекеттік өнер институтында педагогикалық қызметпен шұғылданды.

«Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

7 2 жыл бұрын (1942) өнертану ғылымдарының докторы, профессор ҚАРАҚҰЛОВ Болат Ишанбайұлы дүниеге келді. П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, ҚазКСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген. 1982 жылдан бері консерваторияның қазақ музыкасы мен фольклоры кафедрасында сабақ береді.

Ол өзіінң ғылыми зертеулерінжде музыкалық фольклорды және халықтық ән өнерін зерттеді. Б.Қарақұловтың «Асыл мұра» музыкалқ-этнографитялық жинағы республиканың музыкатану ғылымына қосылған елеулі үлес болып табылады.

6 5 жыл бұрын (1949) Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің проректоры, техника ғылымының кандидаты, профессор БАЙЫСБЕКОВ Шыныбай дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Осы институтта инженер, аға инженер, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, оқу бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, Оқу басқармасының бастығы, бірінші проректоры қызметтерін атқарған. 2000-2003 жылдары «Қазақ-Алтын» тау-кен металлургиялық компаниясының президенті болған. Қазіргі қызметінде 2003 жылдан бастап істейді. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.

5 7 жыл бұрын (1957) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик МҰТАНОВ Ғалымқайыр Мұтанұлы дүниеге келді.

Семей облысының Жарма ауданындадағы Белтерек ауылының тумасы. 1979 жылы Қазақ политехникалық институтын "Автоматика және телемеханика" мамандағы бойынша тәмамдады. Еңбек қызметін Рудный индустриялық институтында бастады. Мәскеу болат және қорытпалар институтының «Түсті және сирек металдардың технологиялық үдерістерін автоматтандыру» кафедрасында екі жылдық ғылыми сынақ мерзімінен өтті. Мәскеу мемлекеттік кен университетінің «Автоматтандырылған басқару жүйелері» кафедрасында аспирантура мен докторантурада оқыды. Оның кандидаттық және докторлық диссертациялары жасанды ақыл-парасат элементтерін қолданып, технологиялық үдерістерді автоматтандырып басқару теориясы мен практикасына арналған. 1995 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. СҚМУ-не 7 жыл бойы басшылықеткен кезде, бұл - еліміздегі және одан тысқары жердегі ең үздік жоғары оқу орны болды. 2002 жылы Ғ.Мұтанов ҚР-ның Бірінші білім және ғылым Вице-Министрі лауазымында жұмыс істеді, оның басшылығымен Білім менғылымды дамыту тұжырымдамасының негізі қаланып, оны ең басым бағыттарда іске асыру бойынша жақсы нәтижелер көрсетілді. 2003 жылғы шілде айында - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры болып тағайындалды. Инновация, білім сапасы, әлемдік білім кеңістігімен бірігу - бұл бағыт университет үшін басты бағыт болыпқалыптасты. Жоғары оқу орнында қысқа мерзім ішінде сындарлы инновациялық қайта құру жүргізілді, бұл бүкіл аймақтыңинновациялық дамуына тиімді әсерін тигізді. Елімізде алғаш рет университет негізінде «Алтай» аймақтық ғылыми-технологиялық паркі құрылып, жұмыс істеуде. Инновациялықжоғары оқу орынның «Университет - Технопарк» моделі еліміздегі жоғары оқу орындарын иновациялық жоғары оқу орындары етіп қайта түрлендіру негізі деп танылды.

Ғ.Мұтанов 10 халықаралық академиялардың академигі болып табылады, ол әлеуметтік-экономикалық үдерістер аясындағы тақырыптарға жазылған 400-ден артық ғылыми жарияланымның, соның ішінде 10 монографияның, оқулықтардың, оқуқұралдарының, әдістемелік әзірлемелердің авторы, бұлар АҚШ, Чехия, Швеция, Германия мен Швейцарияда басып шығарылған; сондай-ақ 35-тен астам патенттің, өнертабыстардың авторы. Ол жасанды ақыл-парасатты, сараптама жүйелерін қолдану негізінде техникалық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы математикалық үлгілеу және басқару жөніндегі ғылыми мектебін құрды. Ол үш ғылым докторын және отызға жуық ғылым кандидатын дайындады. IGIP Халықаралық инженерлік педагогика қоғамы Орталық Азия бөлімшесінің Президенті және мониторинг комитетінің мүшесі (Швейцария), Халықаралық инженерлік білім федерациясындағы (IFEES) Қазақстандықо қоғамның (KazSEE) Президенті, UNESCO білім берудегі ақпараттық технологиялар институтының Басқарушылар Кеңесінің мүшесі (Париж), ол «Техникалық жоғары оқу орнының еуропалық оқытушысы» атағының, Республика ғылымын дамытуға елеулі үлес қосқан және де Қазақстан үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді белсене жүргізетін әйгілі ғалымдарға арналған ҚР ҰҒА грантының иегері болып табылады. Ғ.Мұтанов Халықаралық библиографиялық орталықтың күміс медалімен (Кембридж), "The United Europe" Алтын медалімен (Оксфорд) марапатталған. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, "Парасат" орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалдерімен, «ҚР Президентінің ерекше белгісі», «Қазақстан Республикасының халыққа білім беру үздігі», «Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері», «ҚР-ның Құрметті инженері» кеуде белгілерімен марапатталды.

Ғ.М.Мұтанов «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Ұлттықинновациялық қор» АҚ қоғамдық консультациялық кеңесінің төрағасы, «Нұр-Отан» халық-демократиялық партиясының облыстықсаяси кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және экономика жөніндегі комиссиясының төрағасы болып табылады. КСРО-ның дзюдо күресі бойынша спорт шебері, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт қайраткері, Шығыс жекпе-жек күресіқауымдастығының вице-президенті.

7 қазан 2010 ж. Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

5 6 жыл бұрын (1958) профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының меңгерушісі НҰРТАЗИНА Роза Әбутәліпқызы дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақм Ұлттық университетін, Философия және саясаттану институтын бітірген.

1980-1981 жылдары - Семей облысында Жамбыл атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1981-1983 жылдары - «Қазақ университеті» газетінің жауапты хатшысы. 1983-1994 жылдары - С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың ғылыми-зерттеу институтының патент бөлімінің бас маманы, журналистика факультетінің кеңестік баспасөздің теориясы мен практикасы кафедрасының аға лаборанты, халықаралық журналистика және мерзімді баспасөз кафедраларының аға оқытушысы. 1992-1995 жылдары - «Мәдениет» республикалық газетінің редакторы. 1994-1995 жылдары - ЮНЕСКО-ның «Журналистское образование в Центральной Азии» журналы редакторының орынбасары және жауапты хатшысы. 1998-2004 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері. 2002-2005 жылдары - ҚР БҒМ Ғылым академиясының Философия және саясаттану институты сырттан оқу бөлімінің докторанты.

Қазіргі қызметінде - 2005 жылдан бері.

4 3 жыл бұрын (1971). Физика-математика ғылымдарының докторы, «Нұр Отан» ХДП Сыртқы байланыс басқармасының бастығы САХИЕВ Саябек Қуанышбекұлы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және аспирантурасын, Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1995-2000 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы. 2000-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқарма бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығы, бас маманы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кадр және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының бастығы. 2005-2008 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты бағдарламалар және сыртқы байланыс мониторингі департаментінің директоры, әлеуметтік-экономикалық саясаты департаментінің директоры, идеология департаментінің директоры, «Нұр Отан» ХДП төрағасы қызметін атқарушысының көмекшісі қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

90-нан астам ғылыми еңбектің авторы. Домбыра сыныбы бойынша Республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты.

Екі медальмен марапатталған.

3 5 жыл бұрын (1979) спорт шебері, ауыр атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы АХМЕТОВ Бахыт Бейсенбекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 2000-2003 жылдары Бусан қаласында өткен ХІV Азия ойындарының чемпионы, Дүниежүзілік универсиада біріншілігінің жеңімпазы, Мәскеуде өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері болған. 2003 жылы жұлқи көтеруден Әлемдік рекордты жаңартқан. 2004 жылы Афины қаласындағы, 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысқан.

16 9 жыл бұрын (1845-1923) неміс физигі, Нобель сыйлығының лауреаты РЕНТГЕН Вильгельм Конрад дүниеге келді.

8 7 жыл бұрын (1927-2007) көрнекті музыкант және дирижер РОСТРОПОВИЧ Мстислав Леопольдович дүниеге келді.

5 1 жыл бұрын (1963) американдық режиссер Квентин ТАРАНТИНО дүниеге келді.