27 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10:00-де Astana Hub халықаралық технопаркінде қазақ-түрік бизнес IT-форумы өтеді. Оның аясында B2B халықаралық кездесулері жоспарланған.
11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы басталады.
11:00-де Астана қаласының коммуникациялық қызметінде «М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының қызметі туралы» онлайн брифинг ұйымдастырылады. https://www.facebook.com/rsk.astana01
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету» туралы баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
14.00-де «Talan Towers» бизнес орталығында Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Грекияның Родос қаласында 13-23 сәуірде өткен шахматтан оқушылардың әлемдік чемпионатының жеңімпаздарымен кездеседі. Чемпионатта қазақстандық екі оқушы – Аланна Берікқызы – 9 жасқа дейінгі, Амина Қайырбекова 17 жасқа дейінгі санатта алтын медаль иеленді.
15.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.
16:00-де Әділет министрлігі ғимаратында аталған ведомство басшысы Азамат Есқараевтың төрағалығымен заң жобалау мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтеді.
17.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының акт залында аты аңызға айналған «Овощи&Фрукты» тобының концерті ұсынылады.
19.00-де Astana Opera театрында «Шам оты маздап тұрғанда» классикалық концерті басталады.