27 сәуір күні республиканың бірқатар өңірлерінде жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын сақталады (көбінесе жаңбыр түрінде), оңтүстікте жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл, тұман күтіледі, тек солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

27 сәуір күні республиканың бірқатар өңірлерінде жаңбыр жауады

ҚР ІІМ ТЖК хабарлағандай, республиканың солтүстігінде, орталық және шығысында үсік жүруі сақталады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен соққан желдің күші 15-20 м/с болады. Күндіз Ақтөбе, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.