27 сәуір. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 27 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

72 жыл бұрын (1953) Қазақстанның құрметті сәулетшісі, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі, Америка архитекторлар институтының мүшесі (AIA) Шухрат Зайнитдинұлы ЮСУПОВ дүниеге келді.

Шухрат Зайнитдинұлы ЮСУПОВ
Кадр из видео

ҚХР Құлжа қаласында туған. 1976 жылы В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын сәулетші мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1970 жылы «Таулы Гигант» мәдениет үйінде суретші-безендіруші болып бастаған. Түрлі жылдары сәулет саласында әртүрлі қызметтерді атқарған.

Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Сәтбаев, Жезқазған, Түркістан қалаларының бой көтеруіне және көркеюіне үлес қосқан.

70 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазу мұрағатының бас сарапшысы Жанай Сейітжанұлы ОМАРОВ дүниеге келді.

Жанай Сейітжанұлы ОМАРОВ
Фото: Wikipedia

Алматы қаласында туған. 1977 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін философия мамандығы бойынша бітірген.

1980-1997 жылдар аралығында еліміздің жоғарғы оқу орындарында (ҚазПТИ, ҚазМУ) оқытушылық және ғылыми қызметтермен айналысты. 1998-1999 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, «Имидж-Успех» ақпараттық-талдау орталығының бас директоры қызметтерін атқарды. 1999-2001 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің директоры, 2001-2004 жылдар аралығында ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ішкі саясат басқармасының қоғаммен және баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.

2004-2007 жылдары «Қазақпарат» ҰК» АҚ президенті, 2007-2008 жылдары «Қазақстан Тудэй» агенттігі» АҚ баспа үйінің бас директоры, «Караван» газетінің бас редакторы болды. 2008-2011 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2011 жылғы шілде айынан бастап «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет етті. 2014 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР Мәдениет вице-министрі, 2014-2018 жылдары «НҰР-Медиа» холдингінің бас директоры болды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған.

68 жыл бұрын (1957) «Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы» ПАҚ Кеңесінің төрағасы Сапар Хайсаханұлы КӨШКІМБАЕВ дүниеге келді.

Сапар Хайсаханұлы КӨШКІМБАЕВ
Фото: uchet.kz

Бұрынғы Семей облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) туған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолын 1974 жылы Алматы электр құрылғылары зауытында слесарьдің шәкірті болып бастаған. КСР Қаржы министрлігінде, ҚР Қаржы министрлігіне қарасты орталықтарда біршама қызметтер атқарған.

1992-1993 жылдары «Қазақстанаудит» акционерлік компаниясының президенті, «BDO Қазақстанаудит» халықаралық аудиторлық ұйымының президенті болған.

59 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Марат Зеникенұлы СЫЗДЫҚОВ дүниеге келді.

Марат Зеникенұлы СЫЗДЫҚОВ
Фото: Gov.kz

Щучинск қаласында туған. 1991 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, ал 2006 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

1991-1992 жылдары Целиноград қаласындағы №7 орта мектебінің тарих мұғалімі, 1992-1998 жылдары С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының Жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы, 1998-1999 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы лауазымын атқарған. 1999-2002 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы, Талдау орталығының сектор меңгерушісі, 2002-2010 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, 2010-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары., 2014-2019 жылдары ҚР Ресейдегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі, 2019-2022 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2024-2025 жылдары Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Тұрақты кеңесінің төрағасы қызметінде болды.

2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет орденімен, «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

56 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Арман Мақсотұлы ЖҰМАҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Арман Мақсотұлы ЖҰМАҒАЛИЕВ
Фото: Gov.kz

Ресейдің Мурманск облысы, Кола қаласында туған. Орджоникидзе атындағы жоғары әскери командалық училищесін бітірген, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының жоғары академиялық курсын бітірген, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 1990-2008 жылдары взвод командирінен бастап штаб бастығы – бөлімше командирінің орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда қызмет етті. 2008-2009 жылдары ҚР ІІМ ТЖК бас штабының жедел басқармасының бастығы, 2010-2017 жылдары ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы Бас штаб бастығының орынбасары, 2017-2020 жылдары ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары, 2020-2023 жылдары ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымын атқарды.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

II дәрежелі «Даңқ» орденімен, КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медалімен марапатталған.

46 жыл бұрын (1979) Жетісу облысының прокуроры Мадияр Бекенұлы БАСШЫБАЕВ дүниеге келді.

Мадияр Бекенұлы БАСШЫБАЕВ
Фото: tinfo.kz

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2000-2001 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы, 2001 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Ақтөбе облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2001-2002 жылдары Ақтөбе қаласы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау бөлімінің прокуроры, 2002 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2004-2005 жылдары Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы прокурорының орынбасары, 2005-2007 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, 2007-2008 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, 2008-2009 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының Ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы және кеден органдарында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, 2009-2010 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының Ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы және кеден органдарында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, 2010-2021 жылдары Алматы қаласы және қала аудандарында прокуратура саласында бірқатар қызметтерді, лауазымды атқарды, ҚР Бас прокуратурасының Стратегиялық даму департаменті басшысының орынбасары, 2021-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар